Ақсу қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы "Ақсу қаласында 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 84/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 24 мамырдағы N 367/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 05 маусымда N 12-2-200 тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 2014 жылғы 06 қазандағы N 1-22/1253 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 06.10.2014 N 1-22/1253 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы "Ақсу қаласында 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 84/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 12-2-194 болып тіркелді және 2012 жылғы 20 наурызда N 22-23 "Ақжол - Новый путь" қалалық газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, қоғамдық жұмыстар өтетін ұйымдардың (келісім бойынша), қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшелері және оларды қаржыландыру көздерін, қоғамдық жұмыстарға деген сұраныстар мен ұсыныстарды анықтау тізбесі:
      қосымшаға сәйкес, реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б. Бақауов

Ақсу қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
24 мамырдағы N 367/4 қаулысына 
қосымша            

Қоғамдық жұмыстар өтетін ұйымдардың, оның түрлерінің,
көлемінің және қойылатын нақты шарттардың, қатысушылардың
еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздерінің,
қоғамдық жұмыстарға деген сұраныстар мен ұсыныстардың тізбесі

N р/с

Ұйымның атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, қоғамдық жұмыстардың көлемі және қойылатын нақты шарттары

Сұраныс (мәлімделген қажеттілік)

Ұсыныс (бекітілді), адам

Еңбекақы мөлшері

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

37.

"ЖӘРДЕМ" қоғамдық қоры (келісім бойынша)

Волонтерлер, 8 сағаттық жұмыс күн, 5 күндік жұмыс аптасы

5

5

Жалақының ең төмен мөлшері

Қалалық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады