Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 457/4 қаулысы және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 сәуірдегі N 31/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 мамырда N 12-3-327 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 08 шілдедегі № 733-1/7 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 43/7 бірлескен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен және шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 08.07.2016 № 733-1/7 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 08.07.2016 № 43/7 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен және шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес және азаматтардың жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалаішілік жолаушылар бағыттарының қоғамдық жол жүру көліктерінде толық жол жүру билеті құнының 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру құқығы:
      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
      2) 3-топтағы мүгедектерге;
      3) 18 жасқа дейiн 4 және одан да көп балалы аналарға берілсін.
      2. "Екібастұз автовокзал" – саяжай" қатынау бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен (тегін) жол жүру құқығы:
      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
      2) 3-топтағы мүгедектерге берілсін.
      3. Осы қаулының 1 және 2-тармағында көрсетiлген азаматтар жеңiлдiкпен жол жүру құқығын растау үшiн кондукторға (бақылаушыға) келесi құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер үшiн – зейнеткерлiк куәлiгi;
      2) 3-топтағы мүгедектер үшiн – мүгедектігі туралы куәлiк;
      3) 18 жасқа дейiн 4 және одан да көп балалы аналар үшiн – көп балалы аналардың мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алатынын растайтын "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министiрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен анықтама.
      4.Осы ҚАУЛЫ мен ШЕШІМНІҢ орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы ҚАУЛЫ және ШЕШІМ оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Лепехин
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Қүспеков
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады