Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 08 шілдедегі № 733-1/7 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 43/7 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 тамызда № 5198 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 31/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 28.04.2021 № 328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 28.04.2021 № 31/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен шешімі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасында көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде толық жол жүру билетінің 50% мөлшерінен қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жеңілдікпен жол жүру келесі санаттағы Екібастұз қаласының азаматтары үшін белгіленсін:

      1) жасы бойынша зейнеткерлер;

      2) 3 топтағы мүгедектер;

      3) 18 жасқа дейiнгi төрттен алтыға дейін қоса алғанда балалары бар көп балалы аналар - "Екібастұз автовокзалы - саяжай" бағыты маршрутынан басқа маршруттарда жүрген кезде ғана.

      2. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа), соның ішінде "Екібастұз автовокзалы - саяжай" бағытымен маршруты бойынша тегін жол жүру келесі санаттағы Екібастұз қаласының азаматтары үшін белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері және Ұлы Отан соғысы қатысушылардың және мүгедектерінің жеңілдік пен кепілдік бойынша теңестірілген тұлғалар;

      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдарға;

      4) он алты жасқа дейін бала мүгедектер;

      5) бірінші және екінші санаттағы мүгедектер;

      6) "Алтын алқа" алқасымен марапатталған немесе бұдан бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II деңгейлі "Ана атағы" орденімен марапатталған көп балалы аналар;

      3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде "Екібастұз автовокзалы-саяжай" бағытымен маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру келесі санаттағы Екібастұз қаласының азаматтары үшін белгіленсін:

      1) жасы бойынша зейнеткерлер;

      2) 3 топтағы мүгедектер.

      4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.

      5. Екібастұз қаласы әкiмдiгiнің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 457/4 бірлескен қаулысы мен Екібастұз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 сәуірдегі "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру туралы" № 31/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-327 тіркелген, 2012 жылғы 31 мамырдағы "Отарқа" газетінде, 2012 жылғы 31 мамырдағы "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.

      6. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      7. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі Қ. Нүкенов
      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады