Ақтоғай ауданы бойынша 2012 жылы тұрғындардың нысаналы топтарына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы N 75 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 наурызда N 12-4-115 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 28 қазандағы N 26/1-28/361 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімі аппарат басшысының 28.10.2013 N 26/1-28/361 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі N 817 "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, әлеуметтiк қорғау және жұмыссыздармен әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар санатына жұмысқа орналасыуға қолдау көрсету мақсатында Ақтоғай аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ақтоғай ауданы бойынша тұрғындардың нысаналы топтарына әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын тұрғындардың нысаналы топтарының қосымша тiзбесі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. 2012 жылы Ақтоғай ауданы бойынша республикалық бюджет арқылы әлеуметтік жұмыстарға жұмыссыздарды орналастырылатын ұйымдар мен кәсіпорындар тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. 2012 жылы Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджет арқылы әлеуметтік жұмыстарға жұмыссыздарды орналастырылатын ұйымдар мен кәсіпорындар тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Қ. Ақановқа мiндеттелсiн.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Қожанов

Аудан әкiмдiгiнiң  
2012 жылғы 24 ақпандағы
N 75 қаулысына   
1-қосымша     

Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын тұрғындардың нысаналы тобының қосымша тiзбесі

      1. 45 жастан асқандар.
      2. Медициналық-санитарлық сараптамалық комиссияның еңбекке шектеулі жарамдығы туралы анықтамасы бар тұлғалар.
      3. Отбасында бірде-бір жұмыс жұмыскері жоқ аз қамтылған отбасыларынан шыққан  жұмыссыздар.
      4. Ұзақ емделуді қажет ететін отбасы мүшелері - жұмыссыздар.
      5. Көп балалы отбасылардың жұмыссыз ата-аналары.
      6. Мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларының мүшелері.
      7. 29 жаска дейінгі жұмыссыз жастар.
      8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің және Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы кәсіби дайындықтан және қайта даярлау, біліктілігін арттыру оқуынан өткен жұмыссыздар.
      9. Аз қамтылған отбасы мүшелері.
      10. Зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған жұмыссыздар.

Аудан әкiмдiгiнiң  
2012 жылғы 24 ақпандағы
N 75 қаулысына   
2-қосымша     

Ақтоғай ауданы бойынша 2012 жылы республикалық бюджет
есебінен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына
орналастыратын жұмыс берушілер тізбесі

N ШҚ, ФШ, ЖК, ЖШС атауы Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар саны Мамандығы, атқаратын қызметі Айлық еңбекақы мөлшері, теңге Ай сайынғы жұмыс жасау мерзімі Мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін еңбекақы мөлшері, теңге
6 ай 3 ай 3 ай

1.

"Ақ-Ниет"  ШҚ

4

Трактор жүргізуші

40000

12

50%

30%

15%

2.

"Ақ-Ниет"  ШҚ

3

Электрмен газбен дәнекерлеуші, автокөлік жүргізуші

50000

12

50%

30%

15%

3.

"Жиырма бес"  ШҚ

2

Трактор жүргізуші

30000

12

50%

30%

15%

4.

"Темір" ШҚ

2

Трактор жүргізуші

50000

12

50%

30%

15%

5.

"Таскенов Темірбай Жұмабаевич"  ЖК

1

Электрмен газбен дәнекерлеуші

50000

12

50%

30%

15%

6.

"Қайрат"  ЖҚ

1

Трактор жүргізуші

40000

12

50%

30%

15%

7.

"Ақбидай"  ЖШС

3

Трактор жүргізуші, автокөлік жүргізуші

50000

12

50%

30%

15%

8.

ЖК "Шарапиденов А.Е."

5

Тас қалаушы,  трактор жүргізуші, автокөлік жүргізуші

50000

12

50%

30%

15%

Аудан әкiмдiгiнiң  
2012 жылғы 24 ақпандағы
N 75 қаулысына   
3-қосымша     

Ақтоғай ауданы бойынша 2012 жылы жергілікті бюджет
есебінен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына
орналастыратын жұмыс берушілер тізбесі

N ШҚ, ФШ, ЖК, ЖШС атауы Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар саны Мамандығы, атқаратын қызметі Айлық еңбекақы мөлшері, теңге Жұмыс жасау мерзімі Жергілікті бюджет арқылы бөлінетін еңбекақы мөлшері, теңге

1

"Қайрат" ШҚ

5

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

2

"Болашак" ШҚ

6

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

3

"Зайбел" ЖҚ

4

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

4

"Абдреев А.Е." ЖК

2

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

5

"Шарапиденов А.Е." ЖК

6

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

6

"Алханова А.Н" ЖК

5

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

7

"Күн" ЖШС

3

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

8

ЖК "Тлегенова Д."ЖК.

3

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

9

"Аққу" ФШ

3

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

10

"Сағат" ШҚ

3

жұмыскер

17439

6

50% (ең төменгі еңбекақы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады