Баянауыл ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 маусымдағы N 33/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 шілдеде N 12-5-111 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы N 81/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 26.03.2013 N 81/14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20–бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 1–тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына  сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтардың санаттары:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Республикалық дәрежедегі зейнеткерлерге;
      3) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушы тұлғалар;
      4) Ауған соғысына қатысушылар;
      5) Ауғаныстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары;
      6) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың екінші рет некелеспеген әйелдері (күйеулері);
      7) зейнет жасына жеткен, оның ішінде:
      жақын туыстары жоқ;
      ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын тұлғалар;
      90 жасқа толған тұлғалар;
      8) мүгедектер, оның ішінде:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылары;
      I-II–топтағы мүгедектер;
      жалғыз тұратын мүгедек зейнеткерлер;
      9) ағымдағы жылы ауданға жұмысқа келген және мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған жоғарғы медициналық оқу орындарының түлектері;
      10) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар;
      11) онкологиялық аурулардан зардап шегуші тұлғалар;
      12) туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
      13) облыс әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарында жетім жене табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы орта мектептердің түлектері;
      14) "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме (әрі қарай – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген және кәсіби дайындау және қайта дайындауға жіберілген азаматтар;
      15) 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;
      16) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған тұлғалар;
      17) жерлеу үшін табысына және отбасы кұрамына тәуелсіз келесі санаттағы азаматтардың (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалардан басқа) отбасылары;
      18) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын аз қамтылған отбасы;
      19) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушылар.
      2. Мереке және атаулы күндеріне орай, бөлім келесі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді:
      1) Ұлы Отан соғысына Жеңіс күніне орай, 1-тармағының 1) тармақшасының көрсетілген санаттар үшін "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республиқалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Баянауыл аудандық бөлімшесі (бұдан әрі - Орталық) тізімінің негізінде - 10000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек және сыйлық алуға - 5000 теңге;
      2) мүгедектер күніне орай, 1–тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін – жеке куәлігінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (әрі қарай - СТТН), жеке әлеуметтік кодының көшірмесі (әрі қарай - ӘЖК), мүгедектігі туралы анықтаманың, балалар үшін туу туралы куәлігінің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (әрі қарай - АТК), немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, көрсетілген өтінішің негізінде – 2 айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай - АЕК), мөлшерінде материалдық көмек;
      3) Чернобыль АЭС - індегі апат күніне орай, 1–тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Орталық тізімінің негізінде – 6000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне орай, 1–тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Орталық тізімінің негізінде – 6000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      5) 1 қазан күніне орай, 1–тармақтың 7) тармақшасындағы үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін Баянауыл ауданының ауылдық округ әкімдерінің тізімі негізінде - 5000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      3. Кірісін ескермеусіз біржолғы әлеуметтік көмек келесі санаттарға ұсынылады:
      1) 1–тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін тіс протезін жасаттыруға жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, есеп тұрғаны жөнінде медициналық анықтама "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 30000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      Астанаға сапарға баруға тізімі негізінде және оларды Екібастұз қаласындағы темір жол вокзалына апарып қайтып келгесін, алып қайтуға барған көлліктің жол шығының өтеуге, Қазақстан Республикасы көлемінде жылына бір рет госпитальға барғандағы жол ақысын өтеуге – нақты кұны;
      2) 1–тармақтың 7) тармақшасының бірінші абзацындағы көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде жазылушылардың таңдауымен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға Орталықтың тізімі негізінде - нақты кұны;
      3) 1–тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаттар үшін алушының әлеуметтік статусын растайтын құжаттың көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 5 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) 1–тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындының көшірмесі, санаторлы-курорттық картаның көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – санаторлы-курорттық емделуді алуға - 49000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      5) 1–тармақтың 8) тармақшасының екінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін Павлодар облыстық оңалту орталығына бару үшін мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 50000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      6) 1–тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаты үшін алушының әлеуметтік статусын растайтын құжаттың көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      7) 1–тармақтың 8) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаты үшін қатты отын сатып алуға, алушының мүгедек туралы анықтамасының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішінің негізінде – 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      8) 1–тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаты үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, оқу орнын оқып бітірген туралы дипломның көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, еңбек келісім–шартының көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 459 100 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      9) 1–тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаты үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, бас бостандығынан айыру орындарынан босау туралы анақтамасының көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      10) 1–тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаты үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, науқастың Павлодар обылысы онкологиялық диспансерінде есепте тұрғаны туралы анақтама, "Қазпошта"  акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      11) 1–тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаты үшін, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, есеп тұрғаны жөнінде медициналық анықтама "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      12) 1–тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің " Өрт сөндіру және апаттық-кұтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесінің N 28 өрт сөндіру бөлімінің анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 15 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      13) 1–тармақтың 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауыл әкімінің тұрмыстық жағдайдын тексеру комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі, қайтыс болған жөнінде анықтама, жерлеу рәсімін өткізген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 15 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      13) 1–тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауыл және село округі әкімінің учаскелік комиссиясымен берілген әлеуметтік-тұрмыс жағдайларының тексеру актісі, отбасы туралы мәлімет, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 32360 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      14) 1–тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санаты үшін, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, қосалқы шаруашылығы туралы анақтама, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анақтама, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, сатып алынатын малдың төлқұжаты, малды сатып алу туралы ниет-шарты, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - ірі қара мал және ұсақ қара мал сатып алуға – 100 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      4. Кірісін ескермеусіз тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек келесі санаттарға ұсынылады:
      1) 1–тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін облыс орталығына барып қайтқан жол ақысын өтеуге Орталықтың тізімінің негізінде - 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1–тармақтың 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген санаты үшін сауықтыруға әлеуметтік көмек Орталықтың тізімінің негізінде - 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаты үшін коммуналдық өтемдерін төлеуге Орталықтың тізімінің негізінде - 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      5. Кірісін ескермеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек келесі санаттарға ұсынылады:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін дәрі-дәрмек сатып алуға – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек және коммуналдық қызметті төлеуге Орталықтың тізімінің негізінде – 12096 тенге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1-тармақтың 3), 4) тармақшасында көрсетілген санаты үшін коммуналдық төлемдер өтемін төлеуге Орталықтың тізімінің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген санаты үшін жол ақысын төлеуге, Орталықтың тізімінің негізінде – 1 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) 1-тармақтың 8) тармақшасында үшінші абзацсында көрсетілген санаты үшін әлеуметтік оңалту және бейімделуі үшін әлеуметтік көмегіне медико-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      5) 1-тармақтың 8) тармақшасында бесінші абзацсында көрсетілген санаты үшін коммуналдық төлемдер өтемін төлеуге жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      6) 1-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санатына амбулаторлық ем алу және тамағына 6 - ай бойы әлеуметтік көмегіне сырқатты растайтын аурухананың анықтамасы жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      7) 1–тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаты үшін жатаханасына, тамағына, жоғарғы оқу орнындағы оқуының төлем ақысы және жол ақысына төлеуге студентпен ЖОО-ның басшысымен және Баянауыл ауданының әкімімен қол қойылған үш жақты келісім–шарты бойынша төленеді, отбасының әлеуметтік–тұрмыстық жағдайының актісі және отбасының ортақ табысы туралы анақтама жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 15235 мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      8) 1–тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаты үшін оқу кезенін растайтын құжат, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамның пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі, жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 7000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      6. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Ерманов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ғ. Тәліпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады