Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 25.09.2013 N 292/09 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2) елу жастан асқан әйелдер;
3) елу бес жастан асқан ерлер;
4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
6) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
7) бес жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
8) жыл ішінде жоғарғы, арнаулы орта және жалпы орта білім беретін оқу орындарын бітіретін түлектер;
9) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар.
2. "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Әйткенов