Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 03.09.2013 N 280/09 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектеріне жұмыс орындары квотасы жұмыс орындар санының бір пайыз көлемінде белгіленсін.
2. "Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К. Тоғжігітоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Әйткенов