Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының, 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Майқайың кент тұрғындарының 2012 жылғы 27 сәуірдегі көпшілік жиынның N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Баянауыл ауданы Майқайың кентінің "Чкалов" көшесі "А. Әбдіқалықовқа" өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі О. Ермекбаев