Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 10.04.2013 N 73-17-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес Ертіс аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы бойынша базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Ертіс ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Ертіс аудандық мәслихатының 2008 жылғы 31 наурыздағы "Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері бойынша талондардың құнын және жалпы бағалы салықтың мөлшерін бекіту туралы" N 36-6-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-7-68 тіркелген, 2008 жылғы 8 мамырдағы "Ертіс нұры" газетінде N 38, 39, 40 жарияланған, 2008 жылғы 8 мамырдағы "Иртыш" газетінде N 38, 39, 40 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Ибрагимов
Ертіс аудандық
мәслихатының хатшысы Ж. Беспаев
Ертіс аудандық мәслихатының
2012 жылғы 11 сәуірдегі
N 17-4-5 шешіміне
1 қосымша
Ертіс ауданы бойынша базарларда тауарлар өткізу,
жұмыстар орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі
қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды
тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
N | Кәсіпкерлік қызметтің түрлері | 1 күнге (теңгеде) біржолғы талонның құны |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 |
Азық-түлік халық тұтыну тауарларды сату (кондитерлік, үн өнімдері және басқа өнімдер) |
250 |
2 |
Базар жаймасынан жемістерді сату |
350 |
3 |
Машинадан сатылатын жемістер мен көкіністер |
600 |
4 |
Азық-түлік емес өнімдер халық тұтыну тауарларды сату (киім-кешек тауарлары, сабын-жуу құралдары) |
200 |
5 |
Шекілдеуік сату: |
|
қолдан |
50 |
|
қаппен |
300 |
|
6 |
Ет және ет өнімдерін сату: |
|
жылқы еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті |
500 |
|
құс (қаз, үйрек, тауық, күркетауық), қоян |
250 |
|
7 |
Малды тірідей сату: |
|
ірі қара мал |
600 |
|
жылқы |
800 |
|
қой, ешкі |
300 |
|
торай |
200 |
|
балапандар |
200 |
|
құс тірідей (қаз, үйрек, тауық), қоян |
60 |
|
8 |
Мал жемін сату: |
|
қолдан |
300 |
|
көтермелеп |
2500 |
|
9 |
Автомотокөліктік құралдарына қосалқы бөлшектерді сату |
350 |
10 |
Темір, пеш заттарын (қолдан жасалынған шеге, шелек, зембіл қоса), саптарды сату |
50 |
11 |
Тұздалған өнімдерді сату (қызанақ, қияр, қырыққабат, қызылша, сәбіз, баклажан, бұрыш, фасоль, құттардағы салаттар) |
100 |
12 |
Әктас сату (өлшенген) |
50 |
13 |
Қолдан жасалған күректер |
50 |
14 |
Тоқыма заттарын сату (шұлық, қолғап, сәбилердің башмақайлары) |
30 |
15 |
Кофе, шай, самса сату |
50 |
16 |
Қайнатпаны сату |
100 |
17 |
Қолданған тауарларды сату |
30 |
Ертіс аудандық мәслихатының
2012 жылғы 11 сәуірдегі
N 17-4-5 шешіміне
2 қосымша
Ертіс ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта
болып тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары
мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны
N | Кәсіпкерлік қызметтің түрлері | 1 күнге (теңгеде) біржолғы талонның құны |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 |
Газеттер мен журналдарды сату |
60 |
2 |
Өз бақшашылықтан тұқымдарды сату |
100 |
3 |
Екпелерді, ағаштарды, бұталарды сату |
200 |
4 |
Көшетті сату (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш, қырыққабат, және басқалар) |
80 |
5 |
Бақша дақылдарын сату (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді): |
|
қолдан |
450 |
|
машинадан |
800 |
|
6 |
Үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
100 |
7 |
Сату: |
|
жеке қосалқы ауыл шаруашылығынан, бағбандықтан, бақшашылықтан өсірілген өнімдер (алма, ұсақ алма, алмұрт, қызанақ, қияр, пияз, қырыққабат, қызылша, сәбіз, тұрып, баклажан, бұрыш, фасоль, сарымсақ) жидек (таңқұрай, құлпынай, қара бүлдірген, қарақат, бүрген, шие, қарлыған, қызыл шие, алхоры) |
100 |
|
картоп |
150 |
|
8 |
Жеке меншік трактор иелерінің қызметтері (бақшаларды жырту, қоқысты тасып шығару, пішен шабу, шөп, сабан алып келу, бақшаға суару үшін суды алып келу) |
500 |
9 |
Сыпырғыштарды, сыпырғыларды сату |
100 |
10 |
Балды сату |
250 |
11 |
Балық сату |
250 |
12 |
Үй жануарларын бағу, саны: |
|
қойлар |
||
50-ге дейін |
5 |
|
100-ге дейін |
8 |
|
100-ден аса |
10 |
|
ірі қара мал |
||
50-ге дейін |
10 |
|
100-ге дейін |
15 |
|
100-ден аса |
20 |
|
жылқылар |
||
100-ге дейін |
30 |
|
100-ден аса |
40 |