Аудан мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 шілдедегі N 4/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 08 тамызда N 12-8-131 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 маусымдағы N 8/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 17.06.2013 N 8/14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы азаматтарының келесі санаттарына, Качир ауданының аумағында тұрақты тұратын оралмандарға беріледі (бұдан әрі - азаматтар):
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері (бұдан әрі - ҰОС);
      2) қайтыс болған ҰОС қатысушылардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
      3) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдар;
      4) Чернобыль атом электростанциясіндегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар;
      5) Ауғанстан соғысының, сондай-ақ басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарының қатысушылары мен мүгедектері;
      6) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;
      7) ағымдағы жылы Качир ауданына жұмысқа келген және мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған жоғары және орта арнайы медициналық және педагогикалық оқу орындарының түлектері;
      8) облыс әкімі грантына ие болған аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан студенттер және жетім – студенттер жоғары оқу орындарындағы оқуына төлеуге және стипендияға;
      9) мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      10) жетім-балалар;
      11) жалғызілікті және жалғыз тұратын, еңбекке жарамсыз азаматтар және зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлер;
      12) балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылары;
      13) онкологиялық аурулардан (аурудың II, III, IV кезеңдері) зардап шегуші тұлғалар;
      14) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруына шалдыққан тұлғалар;
      15) туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
      16) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын аз қамтылған азаматтар;
      17) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      18) "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) қайтыс болған уақытта есепте тұрған азаматтардың жерлеуін жүзеге асыратын адамдар;
      19) жүктілігі бойынша 12 аптаға дейін тіркеуге уақытында тұрған жүкті әйелдер;
      20) Бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелген және кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды өтуге жіберілген азаматтар;
      21) өткен жылы әлеуметтік төлем алмаған, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған тұлғалар;
      22) төрт және бұдан да көп кәмелет жасқа толмаған балалары бар көп балалы аналар.
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген әрбір санат бойынша келесі құжаттарды Бөлімге ұсыну қажет:
      1) 1), 2)-тармақшаларда көрсетiлген санаттар үшiн - "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Качир аудандық бөлімшесімен (бұдан әрі - Орталық) ұсынылатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізім, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда ашылған есеп шотының нөмірі (бұдан әрі - есеп шотының нөмірі);
      2) 3) тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетіліп, осы әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындысы, санаторий-курорттық картасының, ЖӘК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмесi немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН көшірмесі, жеке куәлігінің, зейнеткерлік куәлігінің, алушының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері;
      3) 4), 5)-тармақшаларда көрсетiлген санаттар үшiн - Отан қорғаушы күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеу үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметті қайтаруға ай сайынғы төлем үшін – Орталықпен ұсынылатын тегі, аты, әкесінің аты, есеп шотының нөмірі көрсетілген тізім;
      4) 6)-тармақшада көрсетiлген санаты үшiн - Отан қорғаушы күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – Орталықпен ұсынылатын тегі, аты, әкесінің аты, есеп шотының нөмірі көрсетілген тізім;
      5) 7)-тармақшада көрсетiлген санаты үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiліп, осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке әлеуметтік кодының (бұдан әрі - ЖӘК), жеке куәлiгiнің, диплом көшiрмелері, маманды жұмысқа қабылдағандығы туралы ұйым бұйрығынан үзінді;
      6) 8)-тармақшада көрсетiлген санаты үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiлген студенттің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, жеке куәлiгiнің, ЖӘК көшірмелері, білім беру қызметін көрсету үшін Качир ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойылған үш жақты келісім шарттың көшірмесі. Әлеуметтік-тұрмыс жағдайын тексеру актілері және жиынтық табыс туралы мәліметтер;
      7) 9)-тармақшада көрсетiлген санаты үшiн – есеп шотының нөмірі көрсетіліп, осы әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші (мүгедек - баланың ата-анасы біреуінің өтiнiшi), азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмелерi немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, алушының мәртебесін растайтын құжаттың, жеке куәлігінің көшірмелері (мүгедек - балаларға – бала туу туралы куәлігінің көшірмесі), мүгедек балаларға республиканың медициналық мекемелеріне барып келуіне және тұру үшін - жол ақысын растайтын құжат, тұрғандығы туралы түбіртек;
      8) 10)-тармақшада көрсетiлген санаты үшiн – Качир аудандық білім беру бөлімінің тізіміне сәйкес есеп шотының нөмірі көрсетіліп, қамқоршының немесе бала мүдделерін қорғайтын тұлғаның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмелері;
      9) 11) тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетіліп, осы әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындысы, санаторий-курорттық картасының, ЖӘК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмесi немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН көшірмесі, жеке куәлігінің, зейнеткерлік куәлігінің, алушының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері;
      10) 12)-тармақшада көрсетiлген санаты үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiліп, ата-анасы біреуінің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, жеке куәлігінің, бала туу туралы куәлігінің, бала мүгедектігін растайтын құжаттың көшірмелері;
      11) 13), 14), 15)-тармақшаларында көрсетiлген санаттар үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiліп, осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің көшірмелері, медициналық мекемеден анықтама;
      12) 16)-тармақшада көрсетілген санаты үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiліп, осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің, бала туу туралы куәлігінің көшірмелері, тиісті құжат (ауылдық округ әкімінің, балабақша меңгерушісінің қолдаухаты, орталық аудандық ауруханасының тізімі), тұрғын үй - тұрмыс жағдайларын тексеру акті, қосалқы шаруашылығын алып-сату туралы шарт;
      13) 17)-тармақшада көрсетілген санаты үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiліп, осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің көшірмелері, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
      14) 18)-тармақшада көрсетілген санаты үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiліп, осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, жеке куәлiгiнің, СТН, жерлеу туралы анықтаманың, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, қайтыс болғандығы туралы анықтама;
      15) 19)-тармақшада көрсетілген санаты үшiн - медициналық мекеме анықтамасына сәйкес есеп шотының нөмірі көрсетiліп, осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің көшірмелері;
      16) 20)-тармақшада көрсетілген санаты үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiліп, осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің көшірмелері, оқу мерзімін растайтын құжат;
      17) 21)-тармақшада көрсетілген санаты үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетiліп, осы әлеуметтiк төлемге құқылы тұлғаның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің көшірмелері, тиісті органның (аудандық ішкі істер бөлімінің, өрт сөндіру бөлімшесінің, медициналық мекеменің және басқалар) анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама;
      18) 22) тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетіліп, осы әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындысы, санаторий-курорттық картасының, ЖӘК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмесi немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН көшірмесі, жеке куәлігінің, зейнеткерлік куәлігінің, алушының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2012.12.07 N 6/9 шешімімен.
      3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетiлген мұқтаж азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мына түрлері мен мөлшерлері бойынша тағайындалады:
      1) 1)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін - "Энергоцентр АҚ" ұсынылған түбіртектерге сәйкес жылу беру маусымы кезеңіне 6000 теңге мөлшерiнде ай сайынғы материалдық көмек, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, ауылдық округі әкімінің қолдаухаты және ұсынылған сметаға сәйкес үйді ағымдағы жөндеу жұмысына біржолғы материалдық көмек, бірақ 400000 теңгеден артық емес, 10000 теңге мөлшерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмек, дәрі-дермек алуға және тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді қайтаруға ай сайынғы төлем, медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес, бірақ 20000 теңгеден артық емес тіс салдыру қызметіне бiр жолғы материалдық көмек төлеу үшін;
      2) 2)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 3000 теңге мөлшерiнде біржолғы материалдық көмек, коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 3000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      3) 3), 11), 22) тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн - 49000 мың теңге мөлшерінде санаторий-курорттық емделу үшін біржолғы материалдық көмек;
      4) 4), 5)-тармақшаларда көрсетiлген санаттар үшін - 2000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, 6000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек және медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес, бірақ 20000 теңгеден артық емес тіс салдыру қызметіне бiр жолғы материалдық көмек төлеу үшін;
      5) 6)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін - 6000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      6) 7)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін – аудандық орталыққа жолдама бойынша жұмыс істеуге келген медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне – 300000 теңге, ауданның ауылдық елді мекендеріне – 500000 теңге, аудандық орталықтан жетпіс шақырымнан астам қашықтықта орналасқан алыс елді мекендеріне – 1000000 теңге, ауданға жұмыс істеуге келген педагогикалық жоғары және орта – арнайы оқу орындарының, медициналық орта – арнайы оқу орындарының түлектеріне – 100000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      7) 8)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін – студенттердің оқуы кезеңіне әлеуметтік көмек, тиісті оқу орнымен жасалған шартында көрсетілген сомасына сәйкес жүзеге асырылады және оқыту процесі уақытына 6 айлық есеп көрсеткіші көлемінде ай сайынғы материалдық көмек, жоғары медициналық оқу орындарының ақырғы курсында оқитын студенттерге, тиісті оқу орнымен жасалған шартында көрсетілген сомасына сәйкес әлеуметтік көмек;
      8) 9)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін – Балаларды қорғау күніне орай мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балаларға - 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; жол ақысын растайтын құжатқа, тұрғандығы туралы түбіртекке сәйкес мүгедек балаларға республиканың медициналық мекемендеріне барып келуіне және тұру үшін - біржолғы материалдық көмек;
      9) 10)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін – 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      10) 11)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін – 2 айлық есептік көрсеткіштері мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      11) 12)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін - 25000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      12) 13), 14)-тармақшаларда көрсетiлген санаттар үшін – 6 айлық есептік көрсеткіштері мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      13) 15)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін - стационарлық емделу кезеңіне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      14) 16)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін - жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға - 200000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, жем сатып алуға - 20000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек, шағын орталықта және балабақшадағы балалары үшін ата-аналардың төлемі бойынша шығындарын қайтару үшін - 3 айлық есептік көрсеткіштері мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, қолдан тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балалары бар бала тамағына - 7000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      15) 17), 18), 19)-тармақшаларда көрсетiлген санаттар үшін – 10 айлық есептік көрсеткіштері мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      16) 20)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін - 5 айлық есептік көрсеткіштері мөлшерінде оқыту кезеңіне ай сайынғы материалдық көмек;
      17) 21)-тармақшада көрсетiлген санаты үшін - 50000 теңгеден артық емес мөлшерде біржолғы материалдық көмек.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2012.12.07 N 6/9 шешімімен.
      4. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2012 жылға арналған аудандық бюджет шеңберінде жүзеге асырылады.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты жоспарлы-бюджеттік комиссиясына жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Шаров

      Качир аудандық
      мәслихат хатшысы                           С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады