Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі "Аудан мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 4/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2012 жылғы 07 желтоқсандағы N 6/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 желтоқсанда N 3293 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 маусымдағы N 8/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 17.06.2013 N 8/14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі "Аудан мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 4/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-8-131 тіркелген, 2012 жылғы 18 тамызда "Тереңкөл тынысы" газетінің N 33, 2012 жылғы 18 тамызда "Заря" газетінің N 33 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2–тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетіліп, осы әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындысы, санаторий-курорттық картасының, ЖӘК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмесi немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН көшірмесі, жеке куәлігінің, зейнеткерлік куәлігінің, алушының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері";
      2–тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "11) тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетіліп, осы әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындысы, санаторий-курорттық картасының, ЖӘК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмесi немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН көшірмесі, жеке куәлігінің, зейнеткерлік куәлігінің, алушының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері";
      2–тармағының 18) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "22) тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - есеп шотының нөмірі көрсетіліп, осы әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындысы, санаторий-курорттық картасының, ЖӘК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмесi немесе мекенжай бюросының анықтамасы, СТН көшірмесі, жеке куәлігінің, зейнеткерлік куәлігінің, алушының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері";
      3-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3), 11), 22) тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн - 49000 мың теңге мөлшерінде санаторий-курорттық емделу үшін біржолғы материалдық көмек".

      Сессия төрағасы                            Ғ. Әменова

      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады