2012 жылы Лебяжі ауданы азаматтарын жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 50/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 наурызда N 12-9-159 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға халықтың нысаналық тобына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан асқан тұлғалар;
      3) дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
      4) бірде-бір жұмыс істейтін отбасы мүшесі жоқ  жұмыссыздар;
      5) мамандығы және еңбек өтілі жоқ тұлғалар;
      6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар.
      2. Азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын белгілеу және жұмыс берушінің шығынына ішінара өтемақы төлеу үшін аудандық және республикалық бюджеттерден субсидия беру түрінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушілермен жасалынған келісім-шартқа сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Құрманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады