"Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 375/44 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 қаңтарда N 3338 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы N 190/41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 18.06.2013 N 190/41 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік қызметті дәл уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                А. Құрманова

Павлодар облысы Лебяжі ауданы 
әкімдігінің 2012 жылғы 12   
желтоқсандағы N 375/44 қаулысымен
бекітілді         

"Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және
үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы регламент "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" N 981 стандарт негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - стандарт).
      4. Мемлекеттік қызмет "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, А. Баймолдин көшесі 3-үй мекен-жайы бойынша, "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Лебяжі аудандық бөлімшесі арқылы (бұдан әрі - орталық) арқылы демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Ташимов көшесі, 114-үй мекен-жайы бойынша көрсетіледі, телефоны 8(71839)21107, электронды пошта мекен-жайы Lebyjii_con@mail.ru.
      Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
      5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне (бұдан әрі - алушылар) спорттық разрядтары мен біліктіліктерді ресми тану мақсатында көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);
      2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      Спортшыны спорттық атаққа, разрядқа ұсыну үшін құжаттар жергілікті атқарушы органдарға және орталықтарға тиісті норматив немесе талап орындалған сәттен бастап алты ай ішінде жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-әрекеттер
тәртібінің (өзара әрекеттестігінің) сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартылады:
      1) стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
      2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;
      3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.
      Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.
      11. Алушылардан мемлекеттік қызмет алуға өтініш алынған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін беруге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) қызмет көрсету орталығының инспекторы алушы ұсынған құжаттарды, оларға штрих-код бере отырып тексеру және қабылдау. Жүйеде тiркеу және құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) уәкілетті органның құжат айналымын қамтамасыз ету қызметкері келiп түскен құжаттарды тексеру, қабылдау және оларды тiркеу;
      3) уәкілетті органның басшысы ұсынған құжаттарды қарастырып спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрық қабылдау немесе құжат нысанындағы дәлелді жауапты орындаушыға тапсырады;
      4) уәкілетті органның жауапты орындаушы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы жауапты әзірлейді;
      5) орталық қызметкерi дайын құжатты алушыға беру.
      12. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі - бірліктер) қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
      13. Осы регламенттің 2-қосымшасында олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауапкерлішікте болады.

Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi,
екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi
екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты   
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік      
қызметі регламентіне         
1-қосымша             

Құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерiнiң сипаттамасы

1 Әрекеттiң нөмiрi 1 2 3 4 5

2

Бірліктердің атауы

Орталық қызметкерi (инспектор)

Уәкiлеттi органның құжат айналымын қамтамасыз ету қызметкерi

Уәкiлеттi органның басшылығы

Уәкiлеттi органның жауапты қызметкерi

Орталық қызметкерi (инспектор)

3

Әрекеттердiң атауы (процесс, процедура, операция) және олардың сипаты

Алушы ұсынған құжаттарды, оларға штрих-код бере отырып тексеру және қабылдау. Жүйеде тiркеу және құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беру

Келiп түскен құжаттарды тексеру және қабылдау, оларды тiркеу

Ұсынған құжаттарды қарастырып спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрық қабылдау немесе құжат нысанындағы дәлелді жауапты орындаушыға тапсыру

Бұйрықтан үзінді не мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы жауапты әзірлеу

Келiп түскен құжаттардың сапасын тексеру

4

Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, құрылымдық-тапсырмалық шешiм)

Алушы ұсынған құжаттарды  үәкілетті органға тапсыру

Келiп түскен құжаттарды уәкiлеттi органның басшысына тапсыру

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы шешім  қабылдау немесе бас тарту туралы жауабына қол қою

Дайын құжатты орталыққа тапсыру

Дайын құжатты алушыға беру

5

Орындау мерзiмдерi

20 минуттан аспайды

5 күнтізбелік күн

15 күнтізбелік күн

5 күнтізбелік күн

20 минуттан аспайды

Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi,
екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi
екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты   
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік      
қызметі регламентіне         
2-қосымша             

Мемлекеттік қызмет көрсету сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады