Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және 2012 жылғы 3 ақпандағы Аққу ауылының тұрғындары жиынының хаттамасына сәйкес, Лебяжі ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Аққу ауылындағы "Береговая" көшесі "Қайырбай Абетов" атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі С. Халемов