Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2012.05.10 N 142/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 5-4) тармақшасына және 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы ""Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекiтiлген әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн, әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі 1-қосымшаға және Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттерден қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс берушi "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен шарттық негiзде жүзеге асырады.
4. Әлеуметтік жұмыс орындары жергілікті бюджеттен және республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттерден қаржыландырылады.
5. 2012 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін:
1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның аңықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар адамдар;
2) 50 жастан асқан адамдар;
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
4) 21 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдар.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Е. Ахамбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Шайхымов |
Май ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 ақпандағы N 66/2 қаулысына 1-қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі
Р/с N | Кәсіпорын, ұйым және мекемелердің атауы | Жұмыс орындарының саны | Мамандығы | Жұмыс мерзімі (ай) | Айлық еңбекақысының мөлшері | Бюджеттен төленетін өтемақының мөлшері |
1 | "Куат" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 2 | Малшы, жұмысшы | 6 | 20 000 | 10 000 |
2 | "СоПут" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 2 | Механизатор | 6 | 20 000 | 10 000 |
3 | "Рахат" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 3 | Механизатор, жұмысшы | 6 | 20 000 | 10 000 |
4 | "Сартай" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 3 | Жұмысшы, сауыншы | 6 | 20 000 | 10 000 |
5 | Жеке кәсіпкер "Тлеубеков" (келісім бойынша) | 3 | Жұмысшы | 6 | 20 000 | 10 000 |
6 | Жеке кәсіпкер "Ахметова" (келісім бойынша) | 2 | Жұмысшы | 6 | 20 000 | 10 000 |
7 | Жеке кәсіпкер "Батырханова" (келісім бойынша) | 2 | Слесарь, сатушы | 6 | 20 000 | 10 000 |
8 | "АЯ" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 3 | Шопан, жұмысшы | 6 | 20 000 | 10 000 |
9 | "Башлам" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 4 | Механизатор, малшы, жұмысшы | 6 | 20 000 | 10 000 |
10 | "Ыгылман" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 3 | Механизатор, малшы, жұмысшы | 6 | 20 000 | 10 000 |
11 | "Береке" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 2 | Шопан, жұмысшы | 6 | 20 000 | 10 000 |
Итого | 29 | 20 000 | 110 000 |
Май ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 ақпандағы N 66/2 қаулысына 2-қосымша |
Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты
трансферттерден қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі
Р/с N | Кәсіпорын, ұйым және мекемелердің атауы | Жұмыс орындарының саны | Мамандығы | Жұмыс мерзімі (ай) | Айлық еңбекақысының мөлшері | Бюджеттен төленетін өтемақының мөлшері |
1 | "Жалтыр" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 3 | Тракторист, газ және электр дәнекерлеуші | 6 | 40 000 | 20 000 |
2 | Жеке кәсіпкер "Дарабаев К." (келісім бойынша) | 3 | Газ және электр дәнекерлеуші, көлік жүргізушісі | 6 | 40 000 | 20 000 |
3 | "Ұста-Ата" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 4 | Тракторист | 6 | 40 000 | 20 000 |
4 | "Ташенова" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 2 | Көлік жүргізушісі, электрик | 6 | 40 000 | 20 000 |
5 | Жеке кәсіпкер "Жетыбаев" (келісім бойынша) | 2 | Көлік жүргізушісі, тракторист | 6 | 40 000 | 20 000 |
6 | Жауапкершілігі шектеулі серіктес тік "Ер Алаш" (келісім бойынша) | 6 | Тракторист, газ және электр дәнекерлеуші, көлік жүргізушісі | 6 | 40 000 | 20 000 |
7 | "Ағайын" шаруа қожалығы (келісім бойынша) | 3 | Тракторист, газ және электр дәнекерлеуші | 6 | 40 000 | 20 000 |
8 | Жеке кәсіпкер "Беккожин" (келісім бойынша) | 2 | Наубайшы, электрик | 6 | 40 000 | 20 000 |
9 | Жеке кәсіпкер "Кусаинова" (келісім бойынша) | 2 | Наубайшы, электрик | 6 | 40 000 | 20 000 |
10 | Жеке кәсіпкер "Каржаубаева" (келісім бойынша) | 1 | Наубайшы, электрик | 6 | 40 000 | 20 000 |
11 | Жеке кәсіпкер "Жайсан" (келісім бойынша) | 1 | Газ және электр дәнекерлеуші | 6 | 40 000 | 20 000 |
12 | Жеке кәсіпкер "Ансат" (келісім бойынша) | 1 | Электрик | 6 | 40 000 | 20 000 |
Барлығы | 30 | 40 000 | 240 000 |