Отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 қазандағы N 5/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қарашада N 3252 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 қаңтардағы N 1/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 21.01.2014 N 1/28 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергілікті бюджет қаражаты есебінен, бiр жолғы әлеуметтiк көмек 5 (бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде берiлсiн.
      2. Май аудандық мәслихатының (ІV шақырылған ХХХХІІІ сессиясы) 2011 жылғы 2 желтоқсандағы N 3/43 "Отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 26 желтоқсанда N 12-10-115 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы N 53 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрайымы                            А. Жанакова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ғ. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады