Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2012.10.24 N 5/8 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы ауылдық елді мекендерде тұратын және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Ахметов
Аудандық мәслихатының хатшысы А. Тәңірбергенов