Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және Павлодар ауданының интернаттық ұйымдарын бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 18 шілдедегі N 324/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 09 тамызда N 12-11-168 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 06 қыркүйектегі N 334/9 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 06.09.2013 N 334/9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және жұмысқа орналастыруға мұқтаж интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мен жұмысқа қабылдауға ықпал көрсету мақсатында Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жолдау кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Губаревке жүктелсін.

Аудан әкімі

Т. Бастенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады