Павлодар ауданы халқының нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде 2012 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 тамыздағы N 396/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 қыркүйекте N 3221 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 03 қаңтардағы N 2/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 03.01.2013 N 2/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5718-118-2-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөнінде шаралар туралы" N 836, 2011 жылғы 18 шілдедегі "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" N 815 қаулыларына сәйкес және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдайға және бар бюджет қаражатына сүйене отырып, нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан әйелдер және елу бес жастан асқан ер адамдар;
      3) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық) жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      5) "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курсынан өткен жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Губаревке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады