Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 10.10.2013 N 400/10 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1, 18-2-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы» № 836, 2011 жылғы 18 шілдедегі «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» № 815 қаулыларына сәйкес және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек нарығындағы жағдайға және бар бюджет қаражатына сүйене отырып, нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) елу жастан асқан әйелдер және елу бес жастан асқан ер адамдар;
3) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық) жұмыс істемеген тұлғалар;
4) бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасының тұлғалары;
5) «Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курсынан өткен жұмыссыздар.
2.Төмендегі:
1) Павлодар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар ауданы халқының нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы» № 396/8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3221 тіркелген, 2012 жылғы 21 қыркүйектегі «Нива» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Губаревке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
міндетін атқарушы Б. Әбиев