Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 13.06.2014 N 34/254 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар аудандық мәслихаттың (5 сайланған 5 кезекті сессиясы) 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 5/28 "Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-11-165 тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы "Заман тынысы" аудандық газетінің N 21, 2012 жылғы 18 мамырдағы "Нива" аудандық газетінің N 21 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1–тармақ келесі мазмұндағы 25), 26) тармақшаларымен толықтырылсын:
"25) "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
26) жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар.";
2–тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) тармақшада көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге біржолғы материалдық көмек үшін - "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Павлодар аудандық бөлімшесі ұсынатын тізімге сәйкес, электрмен жылытуды орнатуға, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға;";
2–тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
""Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес Астана қаласына экскурсияға баруға біржолғы материалдық көмек үшін;";
2–тармақ келесі мазмұндағы 26), 27) тармақшаларымен толықтырылсын:
"26) 25) тармақшада көрсетілген санат үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін;
27) 26) тармақшада көрсетілген санат үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Павлодар аудандық бөлімшесі ұсынатын тізімге сәйкес Қарттар күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін.";
3–тармақтың 4) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"электрмен жылытуды орнатуға 40 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек;";
3–тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласына экскурсияға баруға 13 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;";
3–тармақ келесі мазмұндағы 24), 25) тармақшаларымен толықтырылсын:
"24) 25) тармақшада көрсетілген санат үшін - "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
25) 26) тармақшада көрсетілген санат үшін - Қарттар күні қарсаңында 2 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және аудан бюджеті мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Р. Антоненко
Мәслихат хатшысы Б. Оралов