Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 5/28 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 мамырда N 12-11-165 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 14/94 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 14/94 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік төлемге құқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі – ҰОС);
      2) қайтадан некеге тұрмаған ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлері;
      3) марапатталған тыл еңбеккерлері;
      4) шоғырланған лагерлердің бұрынғы кәмелет жасқа толмаған тұтқындары;
      5) қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері;
      6) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде алты айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалар;
      7) Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі – ауғандықтар);
      8) Чернобыль атом электрстанциясындағы апат салдарын жоюдың мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі – чернобылдықтар);
      9) зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар;
      10) онкологиялық науқастары бар тұлғалар;
      11) туберкулез науқастары бар тұлғалар;
      12) облыс әкімінің гранты бойынша оқып жатқан аз қамтамасыз етілген отбасылардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім студенттер;
      13) отбасының жан басына шаққандағы табысы белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар;
      14) бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған тұлғалар;
      15) жетім балалар;
      16) 1 топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      17) табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұлғалар;
      18) төрт және одан көп баласы бар көп балалы отбасылар;
      19) 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімі бар әйелдер;
      20) "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқып жатқан жұмыссыздар;
      21) жалғыз басты аналар;
      22) үш айдан артық жұмыс істемеген жұмыссыз азаматтарды жерлейтін тұлғалар;
      23) 100 жасқа толған және асқан тұлғалар;
      24) шағын орталықта оқымайтын мектепке дейінгі жастағы балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      25) "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
      26) жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2012.10.25 N 9/68 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – бөлім) осы шешімнің 1 тармағында әрбір санат бойынша көрсетілген келесі құжаттарды, ұсыну қажет:
      1) 1) тармақшада көрсетілген санат үшін Жеңіс күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін, дәрі-дәрмектер сатып алуға ай сайынғы материалдық көмек үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы материалдық көмек үшін, тістерді протездеуге біржолғы материалдық көмек үшін, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге материалдық көмек үшін, тұрғын үй жөндеуге (үйді қаптау) біржолғы материалдық көмек үшін, телефон үшін абоненттік төлемге ай сайынғы материалдық көмек үшін, тұрғын үй жөндеуге біржолғы материалдық көмек үшін, газеттеріне жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін, Жеңіс күні қарсаңында сыйлық жиынтықтарына біржолғы материалдық көмек үшін – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар аудандық бөлімі ұсынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген немесе екінші деңгейдегі ашық банкінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (әрі қарай СТТН);
      2) 2), 3), 4), 6) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Жеңіс күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, СТТН көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар аудандық бөлімі ұсынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі;
      3) 2), 4) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, СТТН көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар аудандық бөлімі ұсынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі;
      4) тармақшада көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге біржолғы материалдық көмек үшін - "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Павлодар аудандық бөлімшесі ұсынатын тізімге сәйкес, электрмен жылытуды орнатуға, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға;
      5) 3), 6), 7), 8), 16), 18) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін  газеттеріне жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, СТТН көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар аудандық бөлімі ұсынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі;
      6) 7) тармақшада көрсетілген санат үшін әскерлерді Ауғанстаннан шығару күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге ай сайынғы материалдық көмек үшін, сауықтыруға тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, СТТН көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар аудандық бөлімі ұсынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі;
      Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес Астана қаласына экскурсияға баруға біржолғы материалдық көмек үшін;
      7) 8) тармақшада көрсетілген санат үшін Отан қорғаушылар күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге ай сайынғы материалдық көмек үшін, сауықтыруға тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін, тістерді протездеуге біржолғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, СТТН көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар аудандық бөлімі ұсынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі;
      Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес Астана қаласына экскурсияға баруға біржолғы материалдық көмек үшін;
      8) 9) тармақшада көрсетілген санат үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өтеуге және азық-түлікті төмендетілген бағамен сатып алуға тоқсан сайынғы материалдық көмек зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақының ең төмен мөлшерін немесе әлеуметтік жәрдемақылар алатын тұлғалар үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, СТТН көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар аудандық бөлімі ұсынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі;
      Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес Астана қаласына экскурсияға баруға біржолғы материалдық көмек үшін;
      9) 9) тармақшада көрсетілген санат үшін Қарттар күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін, зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын жалғызiлiктi зейнеткерлерге жалғызiлiктi зейнеткерлерге тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін, жалғызілікті және жалғыз тұратын зейнеткерлерге сайынғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, СТТН көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімдерге сәйкес;
      10) 9) тармақшада көрсетілген санат үшін сауықтыруға біржолғы материалдық көмек үшін – ауданның ардагерлер кеңесі ұсынатын тізімге сәйкес "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, СТТН көшірмесін, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекенжайлық бюродан анықтама) көрсете отырып, материалдық көмек тағайындау туралы өтініш, санаторлық-курорттық емделуден өту қажеттілігі туралы медициналық қорытындының көшірмесі, зейнеткерлік куәлік;
      11) 9) тармақшада көрсетілген санат үшін ("Павлодар ауданының Құрметті азаматы" атағы бар тұлғалар) газеттерге жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін – мәслихат аппараты ұсынатын тізімге сәйкес;
      12)  10) тармақшада көрсетілген санат үшін онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғаларға жылына екі рет материалдық көмек үшін – өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), медициналық мекемеден анықтама;
      13) 11) тармақшада көрсетілген санат үшін туберкулездың жұқпалы формасы бар науқастар үшін жол ақысына, тамақтандыруға материалдық көмек - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), медициналық мекемеден анықтама;
      14) 12) тармақшада көрсетілген санат үшін облыс әкімінің гранты бойынша оқу үшін жасалған шарт фактісімен облыстың жоғары оқу орындарында оқу үшін төлеуге материалдық көмек үшін, тұру, тамақтану және жол ақысына материалдық көмек - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), облыс әкімінің гранты бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге келісім шарт, өтініш жасалған сәтте ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарды ескере отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері жанындағы комиссия өткізген алушының тұрғын үй-тұрмыстық шарттары мен материалдық жағдайын тексеру актісі, отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамалар;
      15) 13) тармақшада көрсетілген санат үшін емделуге, дәрі-дәрмектер сатып алуға, жеке қонысын дамытуға біржолғы материалдық көмек үшін - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), өтініш жасалған сәтте ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарды ескере отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері жанындағы комиссия өткізген алушының тұрғын үй-тұрмыстық шарттары мен материалдық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері жанындағы комиссиялардың қолдаухаттары, отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамалар;
      16) 14) тармақшада көрсетілген санат үшін сауықтыруға  біржолғы материалдық көмек үшін - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), босату туралы куәлігінің көшірмесі;
      17) 15), 24) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Жаңа жыл қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін – ауылдық округтер мен ауыл әкімдері және "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын тізімдерге сәйкес;
      18) 16) тармақшада көрсетілген санат үшін балаларды қорғау күні қарсаңында 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға біржолғы материалдық көмек үшін, мүгедектер күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар аудандық бөлімі ұсынатын тізімге сәйкес;
      19) 17) тармақшада көрсетілген санат үшін біржолғы материалдық көмек үшін - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте өкілетті орган берген өртке қарсы қызметінің өрт туралы актісі немесе қорытындысы, өтініш жасалған сәтте ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарды ескере отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері жанындағы комиссия өткізген алушының тұрғын үй-тұрмыстық шарттары мен материалдық жағдайын тексеру актісі, отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамалар;
      20) 18) тармақшада көрсетілген санат үшін отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек үшін, тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін, баланы балабақшада ұстауға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек үшін - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), өтініш жасалған сәтте ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарды ескере отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері жанындағы комиссия өткізген алушының тұрғын үй-тұрмыстық шарттары мен материалдық жағдайын тексеру актісі, отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамалар;
      21) 19) тармақшада көрсетілген санат үшін әйелдерді жүктілік бойынша уақытында есепке алуды ынталандыру үшін біржолғы әлеуметтік көмек үшін - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), жүктілігін растайтын анықтама;
      22) 20) тармақшада көрсетілген санат үшін оқу кезеңі үшін ай сайынғы материалдық көмек үшін – тегі, аты, әкесінің аты, СТТН, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шоты көрсетілген жұмыспен қамту бөлімі ұсынатын тізім;
      23) 21) тармақшада көрсетілген санат үшін балалар тамағын сатып алуға ай сайынғы материалдық көмек үшін - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе менкенжайлық бюродан анықтама), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, жалғыз басты ана деңгейін растайтын құжат;
      24) 22) тармақшада көрсетілген санат үшін жерлеуге жәрдем біржолғы материалдық көмек үшін - өтініш, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының көшірмесі, СТТН көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе мекенжайлық бюродан анықтама), қайтыс болу туралы куәлігінің көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі;
      25) 23) тармақшада көрсетілген санат үшін қарттар күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, СТТН, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шоты көрсетілен ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізім;
      26) 25) тармақшада көрсетілген санат үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін;
      27) 26) тармақшада көрсетілген санат үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Павлодар аудандық бөлімшесі ұсынатын тізімге сәйкес Қарттар күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2012.10.25 N 9/68 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Бөлім осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлем тағайындасын және келесі түрлер бойынша қызметтер көрсетсін:
      1) 1) тармақшада көрсетілген санат үшін – Жеңіс күні қарсаңында 70000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, дәрі-дәрмектер сатып алуға 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 2,3 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, тістерді протездеуге 20000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге 10 АЕК мөлшерінде материалдық көмек, тұрғын үй жөндеуге (үйді қаптау) 2012 жылы 200 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, телефон үшін абоненттік төлемге 1 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, тұрғын үй жөндеуге 30 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, "Ардагер ветеран", "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек, Жеңіс күні қарсаңында сыйлық жиынтықтарына 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      2) 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – Жеңіс күні қарсаңында 3000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      3) 2), 4) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 1,3 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      4) 4) тармақшада көрсетілген санат үшін – тұрғын үй жөндеуге 30 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      электрмен жылытуды орнатуға 40 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
      5) 3), 6) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
      6) 7) тармақшада көрсетілген санат үшін – әскерлерді Ауғанстаннан шығару күні қарсаңында 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге 1,3 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек, сауықтыруға 4 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      Астана қаласына экскурсияға баруға 13 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      7) 8) тармақшада көрсетілген санат үшін – Отан қорғаушылар күні қарсаңында 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек, тістерді протездеуге 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге 1,3 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек, сауықтыруға 4 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      Астана қаласына экскурсияға баруға 13 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      8) 9) тармақшада көрсетілген санат үшін – зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын жалғызiлiктi зейнеткерлерге Қарттар күні қарсаңында 2 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, жалғызiлiктi зейнеткерлерге тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге 2 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек, жалғызілікті және жалғыз тұратын зейнеткерлерге 3 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек, сауықтыруға 49000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өтеуге және азық-түлікті төмендетілген бағамен сатып алуға 2 АЕК  мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақының ең төмен мөлшерін немесе әлеуметтік жәрдемақылар алатын тұлғалар, "Павлодар ауданының Құрметті азаматы" атағын алған зейнеткерлер үшін "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
      Астана қаласына экскурсияға баруға 13 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      9) 10) тармақшада көрсетілген санат үшін – онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғаларға жылына екі рет 10 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      10) 11) тармақшада көрсетілген санат үшін – туберкулездың жұқпалы формасы бар науқастар үшін жол ақысына 0,5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек, туберкулездың жұқпалы формасы бар науқастар үшін тамақтандыруға 6 ай бойы 4 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      11) 12) тармақшада көрсетілген санат үшін – облыс әкімінің гранты бойынша оқу үшін жасалған шарт фактісімен облыстың жоғары оқу орындарында оқу үшін төлеуге материалдық көмек, 10 ай оқу кезеңінде тұру, тамақтану және жол ақысына 15235 теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      12) 13) тармақшада көрсетілген санат үшін – емделуге, дәрі-дәрмектер сатып алуға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, жеке қонысын дамытуға 75 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      13) 14) тармақшада көрсетілген санат үшін – сауықтыруға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      14) 15) тармақшада көрсетілген санат үшін – Жаңа жыл қарсаңында 0,5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      15) 16) тармақшада көрсетілген санат үшін – Мүгедектер күні қарсаңында 3 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 1 топтағы мүгедектерге "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек, балаларды қорғау күні қарсаңында 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 0,5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      16) 17) тармақшада көрсетілген санат үшін – 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      17) 18) тармақшада көрсетілген санат үшін – жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысымен отын сатып алуға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек, "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек, 3 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек, жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысымен баланы балабақшада ұстауға 10000 теңге мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;
      18) 19) тармақшада көрсетілген санат үшін – әйелдерді жүктілік бойынша уақытында есепке алуды ынталандыру үшін 10 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      19) 20) тармақшада көрсетілген санат үшін – оқу кезеңі үшін 5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      20) 21) тармақшада көрсетілген санат үшін – балалар тамағын сатып алуға 2 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      21) 22) тармақшада көрсетілген санат үшін – жерлеуге жәрдем 10 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      22) 23) тармақшада көрсетілген санат үшін – Қарттар күні қарсаңында 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      23) 24) тармақшада көрсетілген санат үшін – Жаңа жыл қарсаңында 0,5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      24) 25) тармақшада көрсетілген санат үшін - "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
      25) 26) тармақшада көрсетілген санат үшін - Қарттар күні қарсаңында 2 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2012.10.25 N 9/68 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және аудан бюджеті мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрағасы                            Ж. Бейсембаев

      Мәслихат хатшысы                           Б. Оралов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады