Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 18/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 08 мамырда N 12-12-129 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успенка аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы N 118/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успенка аудандық мәслихатының 19.11.2013 N 118/27 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы(Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабы 2 тармағына сәйкес Успен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес тіркелген салықтың мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Д. Нәукенов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Р. Бечелова

Успен аудандық мәслихатының
2012 жылғы 13 сәуірдегі 
(V сайланған ІV сессиясы)
N 18/4 шешіміне     
қосымша         

Тіркелген салықтың мөлшерлемелері

N р/с Салық салу объектісінің атауы Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1 2 3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

      Айлық есептік көрсеткіш – ҚР "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес белгіленген

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады