Алматы қаласының аумағында жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 наурыздағы N 1/160 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 11 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 сәуірде N 928 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 355 және Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 3/464 бірлескен шешімімен және қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 23.07.2015 № 355 және Алматы қаласы әкімдігінің 23.07.2015 № 3/464 бірлескен шешімімен және қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 10-бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласының аумағында жер учаскелерiн жеке меншікке беру кезінде төлемақының базалық ставкалары бір шаршы метрге 4 800 (төрт мың сегіз жүз) теңге болып белгіленсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.С. Шинға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
      3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т.Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы нормативтік құқықтық акті алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі               А. Есімов

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты III сессиясының
      төрағасы                             Х. Берғаріпов

      Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                 Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады