Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 шілдедегі N 3/604 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 шілдеде N 949 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі N 3/588 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 21.07.2014 N 3/588 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1 бабы 3) тармағын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитеті Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 04-09/177 Алматы қаласы аумағында аса қауіпті карантинді зиянкестердің: қаланың жасыл желектерінде шығыс жеміс жемірінің (Grapholitha molesta (Busck)), жұпсыз жібек көбелегінің (Lymantria dispar (L)) және арам шөптердің: жусан жапырақты ойраншөбінің (Ambrosia artemisiifolia (L)), жатаған у кекіренің (Acroption repens), арамшырмауықтың (Cuscuta sp.sp) (бұдан әрі мәтін бойынша – карантинді нысан) табылғаны туралы ұсынысы негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласының аумағында карантин нысанын толық жойғанға дейін карантин режимін енгізу арқылы, қосымшаға сәйкес, карантин аймағы белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) карантин нысандарының таралу ошағын оқшауландыру және жою бойынша іс-шаралар өткізу тәртібін әзірлеу және олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                       А. Есімов


Алматы қаласы әкімдігінің
2012 жылғы «11» шілдедегі № 3/604
қаулысына қосымша 1

Карантин режимін енгізе отырып карантин
аймағын құру үшін Алматы қаласының аумағындағы
карантин нысандарының таралу ошағы



№  
Аудандар атаулары карантин нысандар
дың таралу ошағы
Карантин нысандарының түрлері бойынша залалданған гектарлы алаңдар
Өсімдік зиянкестері Арам шөптер
Шығыс жеміс жемірі- Grapholitha molesta(Busck) Жұпсыз жібек көбелегі-Lymant
ria dispar (L)
Жатағану кекіре-  Acrop
tion repens
Жусан жапырақты ойраншөп-Ambrosia artemisiifolia (L) Арамшырмауық-Cuscutasp.sp

1

Алмалы ауданы, барлығы:


1


0,012

0,024

оның ішінде: көшелер




0,012

0,024

«Абай атындағы  Мемлекеттік академиялық  Опера және балет театры» РМҚК шағын гүлзары


1




2

Алатау  ауданы, барлығы:


2


2,322

4,144

оның ішінде: көшелер




2,322

4,144

Қаратау көшесі, 14 үй іргесіндегі учаске


2




3

Жетісу ауданы, барлығы: көшелер




0,018

0,384

4

Медеу ауданы,  барлығы:


2

0,044

-

0,291

оның ішінде:   «Думан» шағынауда
нындағы көшелер



0,044


0,291

Мәдениет және демалыс орталық саябағы


2




5

Түрксіб ауданы,  барлығы:

3

5



0,45


оның ішінде: көшелер





0,45

оның ішінде: «Баум» шағын  орманы




5




Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бағы, С. Дөнентаев көшесі, 32

1,956





№ 4 өрт сөндіру бөлімінің  бағы, С. Дөнентаев көшесі, 6а

1,044
 






Алматы қаласы бойынша барлығы:

3 10 0,044 2,352 5,293

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады