Қоршаудағы кезенінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 қаңтарда N 960 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 09.10.2020 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін.

      2. Әлеуметтік көмек осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғаларға, екі жылда бір рет Санкт-Петербург қаласына әуе немесе темiр жол көлігі арқылы барып, қайта келуінің құны толық мөлшерде екінші деңгейдегі банктердегі олардың есеп шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін, тұрғылықты жері бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келесі құжаттарымен қоса өтініш береді:

      1) өтініш иесінің жеке бірыңғай нөмірі бар жеке басын куәландыратын куәлігінің көшірмесі;

      2) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;

      3) "Ленинградты қорғағаны үшiн" және "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" медальдары куәліктерінің көшірмесі;

      4) жол құнын растайтын билеттер;

      5) ағымдағы банк шотын ашқаны туралы мәліметтер.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.(келісім бойынша)

      5. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.Т. Мұқашевқа нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізу жүктелсін.

      6. Осы шешім Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

V сайланған Алматы қаласы


мәслихаты ХI сессиясының


төрағасы

А. Шардинов

V сайланған Алматы қаласы


мәслихатының хатшысы

Т. Мұқашев


      Келісілді:

      Алматы қалалық Жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасының бастығы Ә. Құлмаханов

      Алматы қаласы әкімінің

      бірінші орынбасары М. Мұқашев

      Алматы қаласы Экономика

      және бюджеттік жоспарлау

      басқармасының бастығы С. Қабдолов

      Алматы қаласы әкімі аппараты

      заң бөлімінің меңгерушісі А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады