Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.05.2013 N 168 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтің қоса берілген регламенттері бекітілсін:
«Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау»;
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиев
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2012 жылғы
19 сәуірдегі № 113 қаулысымен
бекітілген
«Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық қауіпсіздік-ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпараттық саладағы тұлғаның құқықтары мен қоғамның мүдделерінің қорғалған жай-күйі;
2) аттестациялық комиссия - облыстың жергiлiктi атқарушы органының бұйрығымен құрылатын, құрамы кемiнде бес адамнан тұратын (Комиссияның төрағасы және төрт мүшесi) комиссия (бұдан әрi - Комиссия);
3) аттестаттау туралы куәлік – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын куәландыратын уәкілетті орган берген құжат (бұдан әрі - куәлік);
4) байқаудан өткiзушi - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сортты егiстерiн сынақтан өткiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға;
5) байқаудан өткiзушiні аттестаттау - жеке тұлғаның тұқым шаруашылығы субъектiсi мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау) (бұдан әрі - аттестаттау). Қайта аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі;
6) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі-ЖАО) – облыc әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
7) тұтынушы/өтінім беруші - байқаудан өткiзушi немесе тұқым сарапшысы мәртебесiн алуға үмiткер жеке тұлға;
8) тұқым сарапшысы - тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың уәкiлеттiк органы белгiлеген тәртiппен тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу құқығына аттестатталған маманы.
9) уәкілетті орган - «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысының ЖАО жеке тұлғаларына мына орналасқан мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 58;
тел. 8 (7152) 46-24-52, факс 36-07-45.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат облыстың жергілікті атқарушы органдарының сайттарында орналасқан:
E-mail: dshagr@mail.ru, akimat@SKO.kz, akimat@petr.kz
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны:
автоматтандырылмаған.
6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы;
2) «Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен бекітілген «Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт);
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысымен бекітілген Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбiр субъектiлердi аттестаттау қағидасы негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз көрсетіледi.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күнінен аспауы тиiс;
2) тұтынушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтуге рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезiндегі күтуге рұқсат етiлген ең көп уақыты– 30 (отыз) минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1) тұтынушы аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізу және байқаудан өткiзушi мәртебесiн беру туралы өтінім бланкісін толтырады және оны ЖАО кеңсесіне тапсырады (бұдан әрі-өтініш);
2) ЖАО кеңсесі өтінішті тіркейді, тұтынушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, құжаттарды уәкілетті орган басшысының қарауына жібереді;
3) уәкілетті органның басшысы құжаттармен танысады және жауапты атқарушыны айқындайды;
4) уәкілетті органның жауапты атқарушысы ұсынылған құжаттарды зерделеп, оларды аттестациялық комиссия қарауына тапсырады;
5) аттестациялық комиссия өтінім берушіден бес жұмыс күн ішінде аттестаттауға (қайта аттестаттауға) арналған құжаттар түскен соң, оларды зерделейді және осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, өтінімберушіні аттестаттау жүргізу күні мен орны туралы хабардар етеді. Комиссия ұсынылған құжаттарды зерделейді, сұхбаттасу өткiзiп, өтiнiм берушiнiң байқаудан өткiзушi мәртебесiне сәйкестiгі немесе сәйкес еместігі туралы көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдайды. Байқаудан өткiзушi немесе тұқым сарапшысы мәртебесін беру үшін аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
6) Комиссияның оң қорытындысын алған тұтынушыларға байқаудан өткiзушi мәртебесi берiледi және осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданыс мерзiмi үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлiк берiледi.
7) уәкілетті органның жауапты атқарушысы ЖАО кеңсесіне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тұтынушыға әрі қарай беру үшін тапсырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
11. Құжаттарды қабылдауды осы Регламенттің 3-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ЖАО кеңсесі жүзеге асырады.
12. Өтінім берушіге:
1) құжаттарды қабылдау күнi мен нөмiрi;
2) сұралып отырған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнi (уақыты) және құжаттар берiлетiн орын;
5) жергiлiктi атқарушы органның құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
13. Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өту үшін өтінім берушімен мынадай құжаттарды:
1) осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) өтінім беруші осы Регламенттің 3-қосымшасында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшiрмесiн бередi.
14. Байқаудан өткiзушi немесе тұқым сарапшысы мәртебесiн беруден және аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартуға:
1) тұтынушының осы Регламенттің 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы;
2) тұтынушының осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетiлген байқаудан өткiзушiлер немесе тұқым сарапшыларының талаптарына сәйкес келмеуі немесе сұхбаттасу барысында аттестациялық комиссиядан терiс қорытынды алмауы негіз болып табылады.
ЖАО осы Регламенттің 10-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлік беруден бас тарту себептерін көрсеутмен дәлелді жазбаша жауап беріледі.
Комиссия шешiмi белгiленген заңнамалық тәртiпте шағымданылуы мүмкiн.
Тұтынушыға/өтінім берушіге әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) шағымдану тәртібін ЖАО заң қызметінің маманы түсіндірме береді.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
1) ЖАО кеңсесі;
2) уәкілетті орган басшысы;
3) уәкілетті органның жауапты атқарушысы;
4) аттестациялық комиссия.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін басқа мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуы қажет емес.
17. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылған талаптар қарастырылмаған.
18. Әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып берілген әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) бірізділігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс көрініс тапқан сызба осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
20. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары, уәкілетті органдар, аттестациялық комиссиялар мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіппен оның сапасы мен тиімділігі үшін, сондай-ақ, олармен қолданылған шешімдері мен әрекеттігі (әрекетсіздігі) үшін жауапкершілікке ие болады.
«Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым
сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігі мен өзара іс-әрекеттерінің Сипаттамасы
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) нөмірі |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ атауы |
ЖАО кеңсесі |
Уәкілетті орган басшысы |
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы |
Әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, берушіөтінімге қолхат беру |
Құжаттармен танысу, жауапты атқарушыны айқындау |
Ұсынылған құжаттарды зерделеу және оларды аттестациялық комиссияға тапсыру |
Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру |
Уәкілетті органның басшысына құжаттарды жiберу |
Бұрыштама қою, құжаттарды жауапты атқарушыға жiберу |
Құжаттарды аттестациялық комиссияға тапсыру |
Орындалу мерзiмi |
30 минуттан аспайды |
1 сағат ішінде |
1 жұмыс күнінен аспайды |
Келесi іс- |
2 |
3 |
4 |
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеті
Іс-әрекет |
4 |
5 |
6 |
7 |
ҚФБ атауы |
Аттестациялық комиссия |
Уәкілетті органның жауапты атқарушы |
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы |
ЖАО |
Іс-әрекет |
Ұсынылған құжаттар |
Байқаудан өткiзушi немесе тұқым сарапшысы мәртебе |
Аттестаттау туралы куәлік беру кітабындағы жазба |
Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру |
Аяқталу нысаны (мәлiмет |
Хаттама ресімдеу |
Басшыға байқаудан өткiзушi немесе тұқым сарапшысы мәртебе |
Құжаттарды ЖАО кеңсесіне тапсыру |
|
Орындалу мерзімі |
15 күнтізбе |
1 жұмыс күні |
1 сағат |
30 минуттан аспайды |
Келесi іс-әрекет |
5 |
6 |
7 |
«Байқаудан өткiзушiлердi және
тұқым сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызба
Тұтынушы ЖАО кеңсесіне мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды ұсынады, өтініш бланкін толтырады |
ЖАО кеңсесі өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді, уәкілетті органның басшысына құжаттарды жібереді |
Уәкілетті органның басшысы құжаттармен танысады, жауапты атқарушыны айқындайды |
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы ұсынылған құжаттарды зерделеп, оларды аттестациялық комиссияға қарауға тапсырады |
Аттестациялық комиссия ұсынылған құжаттарды зерделеп, сұхбаттасу өткiзiп, өтiнiм берушiнiң байқаудан өткiзушi немесе тұқым сарапшысы мәртебесiне сәйкестiгі дәрежесін айқындайды, хаттама ресімдейді |
Жауапты атқарушы байқаудан өткiзушi немесе тұқым сарапшысы мәртебесін беру туралы бұйрықты және аттестаттау туралы куәлікті немесе дәлелді бас тартуды ресімдейді |
Уәкілетті орган байқаудан өткiзушi немесе тұқым сарапшысы мәртебесін беру туралы бұйрыққа және аттестаттау туралы куәлікке немесе дәлелді бас тартуға қол қояды |
ЖАО өтінім берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді |
«Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым
сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшыларына
қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Байқаудан өткiзушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) аграрлық бейiндегi немесе өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi мамандықтар бойынша жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi болуы;
2) арнайы даярлығы туралы құжаттың болуы (байқаудан өткiзушi курстары).
Тұқым сарапшыларына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) аграрлық бейiндегi немесе өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi мамандықтар бойынша жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi болуы;
2) тұқым мен отырғызу материалының сапасын сараптау бойынша зертханада жұмыс iстеуi немесе тағылымдамадан өтуi туралы (екі айдан кем емес) құжаттың болуы.
«Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым
сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
_________________________________________________________
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органының атауы
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)
Өтiнiш
Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және_____________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(егістiктерін байқаудан өткiзу жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы өсiмдiгi) байқаудан өткiзушi мәртебесiн берудi сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәлiметтер:
Мекенжайы:________________________________________________________________________________________________________________________________
(индекс, аудан, облыс, қала (ауыл/село), көше, үй №, телефоны)
Қоса берiлiп отырған құжаттар: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (Байқаудан өткiзушiлердi аттестаттау қағидасына сәйкес)
20_ жылғы «__» _________ ____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты) ( қолы)
Өтiнiш қарауға 20_ жылғы «__» __________ қабылданды.
__________________________________________________________________
(өтiнiштi қабылдаған жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (қолы)
«Байқаудан өткiзушiлердi және тұқым
сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
5-қосымша
Аттестаттау туралы № ___ куәлiк
__________________________________________________________________________________________________________________________________берiлдi,
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)
оған ___________________________________облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының 20____жылғы «______» _____________ № _______бұйрығы негiзiнде_________ ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(егістіктерін байқаудан өткiзуге рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiгi)
сорттық егістіктерді байқаудан өткізу құқығына байқаудан өткізуші мәртебесі берілген.
Басшы________________________________________ _____________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты) (қолы)
Лауазымы_________________________________________________________________________________________________________________________________
Берiлген күнi: 20_ жылғы «__» ________
Мөр орны
20_ жылғы «__» ________ дейiн жарамды
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі № 113 қаулысымен
бекітілген
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектiсiнiң мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
2) аттестаттау туралы куәлiк - мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын растайтын, өз құзыретi шегiнде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;
3) бiрегей тұқымдар - ауыл шаруашылығы өсiмдiгi сортының авторы, ол уәкiлдiк берген адам өсiрiп шығарған тұқымдар;
4) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушi (бұдан әрi - тұқым өсiру шаруашылығы) - облыстың жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын, шаруашылық жүргiзушi субъект;
5) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі-ЖАО) – облыc әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
6) сараптамалық комиссия - жергiлiктi атқарушы органның бұйрығымен құрылатын, құрамы кемiнде бес адамнан тұратын (комиссияның төрағасы және төрт мүшесi) комиссия, оның құрамына ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Агроөнеркәсiптік кешендегi Мемлекеттiк инспекция комитетi облыстық аумақтық инспекциясының, ғылыми және аграрлық бейiндегi қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кiредi;
7) тұқым өндiрушiлер - тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға;
8) тұқым өсiру шаруашылығы - облыстың жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
9) тұқым өткiзушi - жергiлiктi атқарушы орган аттестаттаған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының партияларын өткiзу және (немесе) тұқым несиесiн беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
10) тұтынушы/өтінім беруші - бiрегей тұқым өндiрушi немесе элиталық тұқым өсiру шаруашылығы немесе тұқым өсiру шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн алуға үмiткер жеке және заңды тұлға;
11) уәкілетті орган - «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
12) элиталық тұқым өндiрушi (бұдан әрi - элиталық тұқым өсiру шаруашылығы) - жергiлiктi атқарушы орган аттестаттаған элиталық тұқымды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының жеке және заңды тұлғаларын (бұдан әрі – тұтынушы) мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 58;
тел. 8 (7152) 46-24-52, факс 36-07-45.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат облыстың жергілікті атқарушы органдарының сайттарында орналасқан:
E-mail: dshagr@mail.ru, akimat@SKO.kz, akimat@petr.kz
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны:
автоматтандырылмаған.
6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысымен бекітілген тұқым шаруашылығы саласындағы кейбiр субъектiлердi аттестаттау қағидасы;
3) «Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен бекітілген «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз көрсетіледi.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өтінім беруші осы Регламенттің 13-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспауы тиiс;
2) тұтынушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтуге рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезiнде күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1) тұтынушы/өтінім беруші аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізу және бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізушісі мәртебесін беру туралы өтінім бланкісін толтырады және оны ЖАО кеңсесіне тапсырады (бұдан әрі-өтініш);
2) ЖАО кеңсесі өтінішті тіркейді, тұтынушыға/өтінім берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, құжаттарды уәкілетті орган басшысының қарауына жібереді;
3) уәкілетті органның басшысы құжаттармен танысады және жауапты атқарушыны айқындайды;
4) уәкілетті органның жауапты атқарушысы ұсынылған құжаттарды зерделеп, оларды сараптамалық комиссия қарауына тапсырады;
5) сараптамалық комиссия ұсынылған құжаттарды зерделейді және сол жерге бара отыра, өтінім берушінің бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін айқындайды, осы Регламенттің 6-қосымшасына сәйкес тексеру актісі жасалады. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қараудың жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Комиссия шешімін хаттама нысанында ресімдеп, уәкілетті органның жауапты атқарушысына материалдарды тапсырады;
6) Комиссияның оң қорытындысын алған тұтынушыларға/өтiнiм берушiлерге бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізушісі мәртебесi берiледi және осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірегей тұқым өндірушілері үшін - бес жылға, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары үшін - үш жылға, тұқым өсіру шаруашылықтары үшін - үш жылға, тұқым өткізушілер үшін - екі жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік беріледі.
Тұқым шаруашылығы субъектілерін қайта аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес аттестацияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін:
бірегей тұқым өндірушілер үшін - бес жылда бір рет; элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары үшін - үш жылда бір рет; тұқым өсіру шаруашылықтары үшін - үш жылда бір рет; тұқым өткізушілер үшін - екі жылда бір рет өткізіледі.
7) уәкілетті органның жауапты атқарушысы ЖАО кеңсесіне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тұтынушыға/өтiнiш берушiге әрі қарай беру үшін тапсырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
11. Құжаттарды қабылдауды осы Регламенттің 3-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ЖАО кеңсесі жүзеге асырады.
12. Өтінім беруші:
1) құжаттарды қабылдау күнi мен нөмiрi;
2) сұралып отырған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнi (уақыты) және құжаттар берiлетiн орын;
5) уәкілетті органның өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
13. Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өту үшін өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының көшiрмесiн (тұқым өткiзушiлер бермейдi). Бұл ретте жер учаскесiн жалдау шарты бойынша жалдау мерзiмi он жылдан кем болмауы тиiс;
4) өтінім берушінің осы Регламенттің 3-қосымшасында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
5) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандар туралы мәліметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, білімі, еңбек өтілі);
6) жарғылықтың нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлға үшін).
14. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізушісі мәртебесiн беруден және аттестаттау туралы куәлік беруден:
1) өтінім берушінің осы Регламенттің 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы;
2) өтінім берушінің осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетiлген бiрегей тұқым өндiрушiлерге, элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарына, тұқым өсiру шаруашылықтарына, тұқым өткiзушiлерге қойылатын талаптарға сай келмеуі негіз болып табылады.
ЖАО осы Регламенттің 10-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлік беуден бас тарту себептерін көрсеутмен дәлелді жазбаша жауап беріледі.
Комиссия шешiмi белгiленген заңнамалық тәртiпте шағымданылуы мүмкiн.
Тұтынушыға әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) шағымдану тәртібін ЖАО заң қызметінің маманы түсіндірме береді.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
1) ЖАО кеңсесі;
2) сараптамалық комиссия;
3) уәкілетті орган басшысы;
4) уәкілетті органның жауапты атқарушысы.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін басқа мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуы қажет емес.
17. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар қарастырылмаған.
18. Әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып берілген әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) бірізділігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланыс көрініс тапқан сызба осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
20. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары, уәкілетті органдар, аттестациялық комиссиялар мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіппен оның сапасы мен тиімділігі үшін, сондай-ақ, олармен қолданылған шешімдері мен әрекеттігі (әрекетсіздігі) үшін жауапкершілікке ие болады.
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi
аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігі мен өзара іс-әрекеттерінің cипаттамасы
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) нөмірі |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ атауы |
ЖАО кеңсесі |
Уәкілетті орган басшысы |
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы |
Әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру |
Корреспонденциямен танысу |
Сараптамалық комиссияға жіберу үшін құжаттарды зерделеу |
Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешiм) |
Құжаттарды уәкілетті органның басшысына бұрыштама қоюға жіберу |
Бұрыштама қою, құжаттарды жауапты атқарушыға тапсыру |
Құжаттарды сараптамалық комиссияға тапсыру |
Орындалу мерзiмi |
30 минут |
1 сағат |
Бір жұмыс күні ішінде |
Келесi іс-әрекеттiң нөмiрi |
2 |
3 |
4 |
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) нөмірі |
4 |
5 |
6 |
ҚФБ атауы |
Сараптамалық комиссия |
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы |
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы |
Іс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Сол жерге бара отыра, құжаттарды зерделейді және өтінім берушінің бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылық |
Уәкілетті органның мәртебе беру туралы бұйрығын және аттестаттау туралы куәлігін немесе дәлелді бас тартуды ресімдейді |
Бұйрықпен, аттестаттау туралы куәлікпен немесе дәлелді бас тартумен танысу |
Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешiм) |
Хаттама ресімдеу |
Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтар |
ЖАО құжаттарды тапсыру |
Орындалу мерзiмi |
20 жұмыс күнінен аспайды |
1 жұмыс күнінен аспайды |
1 жұмыс күнінен аспайды |
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) нөмірі |
5 |
6 |
7 |
ҚФБ атауы |
ЖАО |
||
Іс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру |
||
Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру |
|||
Орындалу мерзiмi |
Жұмыс күні ішінде |
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызба
Өтінім беруші ЖАО кеңсесіне мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш береді |
ЖАО кеңсесі өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді, уәкілетті органның басшысына құжаттарды қарауға жібереді |
Уәкілетті органның басшысы құжаттармен танысады, жауапты атқарушыны айқындайды |
Жауапты атқарушы ұсынылған құжаттарды зерделеп, оларды сараптамалық комиссияға қарауға тапсырады |
Сараптамалық комиссия сол жерге бара отыра, құжаттарды зерделейді және өтінім берушінің бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға өтінім берушінің сәйкестігі дәрежесін айқындайды, тексеру актісін жасайды және өтінім берушінің бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға өтінім берушінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды |
Уәкілетті органның жауапты атқарушысы бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізушісі мәртебесін беру туралы бұйрықты және аттестаттау туралы куәлікті немесе дәлелді бас тартуды ресімдейді |
ЖАО өтінім берушіге бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізушісі мәртебесін беру туралы және аттестаттау туралы куәлікке немесе дәлелді бас тарту туралы шешім (бұйрық) қабылдайды |
ЖАО өтінім берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді |
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптар
1. Бiрегей тұқым өндiрушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi:
1) бiрегей тұқым өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндiрудi жүргiзу үшiн жеткiлiктi егiстiк алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiгiнiң) болуы;
2) бiрегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негiзделген ұсыныстарға сәйкес салынған және бiрден кем емес айналымнан өткен игерiлген тұқым шаруашылығы ауыспалы егiстердiң болуы;
3) жалпы егiстiк алқабында тұқым шаруашылығы егiстiгiнiң болуы - 30 пайыздан кем емес;
4) бірегей тұқым өндiру (алғашқы тұқым шаруашылығы) бойынша жұмыс өтiлiнiң болуы – 6 жылдан кем емес;
5) нақты топырақ-климаттық аймақ үшiн ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негiзделген ұсынымдарға сәйкес келетін жоғары деңгейлi сорттық агротехниканың болуы;
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Агроөнеркәсiптік кешендегi Мемлекеттiк инспекция комитетi облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторының бірегей тұқым өндiрушiнiң аумағында карантиндiк нысандардың болмауы, бұл ретте карантиндiк нысандар бірегей тұқым өндiрушiнiң аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтiне дейiн үш жылдан кем емес те болмауы тиiс;
7) бес жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар дақыл жөнiндегi селекционер мамандардың болуы немесе ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бiрегей тұқым өндiру жөнiндегi бiрлескен жұмысты жүзеге асыруға жасалған шарттың болуы;
8) әрбiр дақыл бойынша кемiнде бiр агроном-тұқымшының және маманның, сондай-ақ дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөнiндегi жұмыстың ерекше әдiстерiн бiлетiн техникалық персоналдың кемiнде үш адамының болуы;
9) дақыл мен сорттың биологиялық белгiлерi мен қасиеттерiн ескеретiн схемаларға қатаң сәйкестiкте бiрегей тұқым өндiрудi қамтамасыз ету;
10) элиталық тұқым өндiрiсiн қамтамасыз ету мақсатында бiрегей тұқымның жоспарланған көлемiн өндiруге қажеттi түрлерде және көлемде сорттың негiзгi тұқымдық материалының (жемiс, жидек дақылдарының және жүзiмнiң тұқымын өндiрушiлер үшiн аналық екпелердiң) болуы;
11) қажеттiлiкке қарай тұқым сақтандыру қорларының болуы:
бастапқы буындардың негiзiн қалау үшiн - 100 пайыз;
суперэлита үшiн - 50 пайыз;
12) бiрегей тұқым өндiрiсi жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымын өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн, меншiк құқығында, лизингте немесе мүлiк жалдауда (ұзақ мерзiмдi жалдау) арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының қажеттi санының болуы;
13) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, қойма бөлмелерiнiң (жемiс дақылдары мен жүзiмге арналған көмiп қою алаңдарының), тұқым партияларын араласып кетуiне жол бермейтiндей орналастыруға мүмкiндiк беретiн арнайы ыдыстың жеткiлiктi болуы;
14) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң әр сорты бойынша жүргiзiлетiн бiрегей тұқым өндiрiсiне, өндiрiлген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бiрегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегiне (егiс, сұрыптаулықтар, сорттық, түрлiк және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар) актiлерi, егiстiктердi қабылдау және (немесе) байқаудан өткiзуге, бiрегей тұқымды жинауға, кiрiске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы нөмiрлеуi, тiгіуi және қол қоюы тиiстi), тұқымның талапқа сай екендiгi туралы куәлiгiне, тұқым аттестатына) есеп жүргiзу;
15) сортты шығару әдiсi, ата-аналық нысандары мен сорт белгiлерiнiң ерекше сипаттамалары туралы мәлiметтердi көрсететiн сорт бойынша құжаттаманы жүргiзу;
16) тұқым шаруашылығы жөнiндегi есеп материалдарының сақталуын алты жылдан кем емес мерзiм iшiнде қамтамасыз ету.
2. Элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) элиталы тұқым өндiру жүргiзiлетiн және кемiнде бiр айналымнан өткен ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негiзделген ұсыныстарға сәйкес салынған, игерiлген тұқым шаруашылығы ауыспалы егiстерiнiң болуы;
2) бірегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, нақтылы топырақ-климаттық аймақ үшiн ғылыми-негiзделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерiлген тұқым шаруашылығы ауыспалы егiсiнiң болуы;
3) жалпы егiс алқабындағы тұқымдық егiстiк жер көлемiнiң болуы - 25 пайыздан кем емес;
4) соңғы үш жылдағы өнiмдiлiк - орташа облыстық көрсеткiштен жоғары;
5) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжiрибесiнiң болуы - төрт жылдан кем емес;
6) жалпы өндiрiс көлемiндегi қызметтiң негiзгi түрiнiң (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз етуi - 25 пайыздан кем емес;
7) тұқым шаруашылығы жүргiзiлетiн өңделетiн дақыл саны - 4-ден аспайды;
8) аттестаттау талабына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргiзiлетiн әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-ден аспайды;
9) суперэлиталық тұқымды егуге қажеттi тұқымның сақтандыру қорының болуы – 50 пайыз;
10) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
11) аудандастырылған сорттар тiзбесiне енгiзiлген тұқым сорттарын өсiру схемасының болуы;
12) тұқым материалдарын өсiру жұмыстарының барлық түрлерi мен оның сапалық көрсеткiштерi көрсетiлетiн құжаттаманы жүргiзу және есепке алуды ұйымдастыру;
13) аудандастырылған және перспективтi сорттардың негiзгi тұқым материалдары (бiрегей тұқым) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерiн өндiруге қажеттi түр мен көлемде болуы;
14) аттестаттауға өтiнiш берген сәттен бастап кемiнде екi жылда элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерiн өндiру үшiн қажеттi түр және көлемде аудандастырылған және перспективтi сорттардың бiрегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткiзу туралы бiрегей тұқым өндiрушiлермен жасалған шарттың болуы;
15) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалармен элиталық тұқым өндiрiсi iлеспесiне келiсiмнiң болуы;
16) элиталық тұқым өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн, меншiк құқығында, лизингте немесе мүлiк жалдауда (ұзақ мерзiмдi жалдау) тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажеттi санының болуы;
17) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, тұқым партияларын араласып кетуiне жол бермейтiндей орналастыруға мүмкiндiк беретiн қойма бөлмелерiнiң болуы;
18) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң әр сорты бойынша өндiрiлген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бiрегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегiне (егiс актiлерi, егiстiктердi қабылдау және (немесе) байқаудан өткiзуге, бiрегей тұқымды жинауға, кiрiске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымның талапқа сай екендiгi туралы куәлiгiне, тұқым аттестатына тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы нөмiрлеуi, тiгуi және қол қоюы тиiстi) есеп жүргiзу;
19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемiнде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;
20) жоспарланған жұмыс көлемiн бiлiктi атқару үшiн тиiстi бiлiмi бар штат кестесiнде көзделген арнайы мамандар санының, оның iшiнде кемiнде бiр тұқым өсiрушi-агроном болуы;
21) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Агроөнеркәсiптік кешендегi Мемлекеттiк инспекция комитетi облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторының бірегей тұқым өндiрушiнiң аумағында карантиндiк нысандардың болмауы, бұл ретте карантиндiк нысандар бірегей тұқым өндiрушiнiң аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтiне дейiн үш жылдан кем емес те болмауы тиiс.
3. Тұқым өсiру шаруашылықтарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) тұқым шаруашылығы жөнiндегi жұмыс тәжiрибесi - екi жылдан кем болмауы;
2) тұқымның бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциясын өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндiрудi жүргiзу үшiн жеткiлiктi егiстiк алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiгiнiң) болуы;
3) тұқымның бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциясын өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негiзделген ұсыныстарға сәйкес салынған тұқым шаруашылығы ауыспалы егiстердiң болуы;
4) жалпы егiстiк көлемiндегi тұқым шаруашылығы егiстiктерi 20 пайыздан кем емес;
5) тұқым шаруашылығы жүргiзiлетiн өңделетiн дақыл саны 3-ден аспайды;
6) аттестаттау талабына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргiзiлетiн әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-ден аспайды;
7) аттестаттауға өтiнiш берген сәттен бастап кемiнде үш жылда тұқымның бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциясын өндiру үшiн элиталық тұқым жеткiзу туралы элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;
8) тұқымның бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциясын өндiрудегi ғылыми сүйемелдеу туралы жеке және заңды тұлғамен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын iске асыратын шарттың болуы;
9) нақты агроэкологиялық аймақ үшiн ұсынылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн өңдеу агротехнологиясын сақтау;
10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Агроөнеркәсiптік кешендегi Мемлекеттiк инспекция комитетi облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторының тұқым шаруашылығы аумағында карантиндiк объектiлердiң болмауы, бұл ретте карантиндiк объектiлер тұқым шаруашылығы аумағында сонымен қатар аттестаттау сәтiне дейiн кемiнде үш жыл болмауы тиiс;
11) кемiнде бiр тұқым өсiрушi агрономның болуы;
12) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
13) сорттық тұқымның бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциясын өсiру жөнiндегi схеманың болуы;
14) тұқымның бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциясының жоспарланған көлемiн өндiруге қажеттi түрлерде және көлемде сорттың негiзгi тұқымдық материалының болуы;
15) тұқымның бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциясының жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстардың кешенiн қамтамасыз етуге арналған меншiк құқығында, лизингте немесе мүлiк жалдауда (ұзақ мерзiмдi жалдау) тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажеттi санының болуы;
16) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, тұқым партияларын араласып кетуiне жол бермейтiндей орналастыруға мүмкiндiк беретiн қойма бөлмелерiнiң болуы;
17) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң әр сорты бойынша өндiрiлген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бiрегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегiне (егiс актiлерi, егiстiктердi қабылдау және (немесе) байқаудан өткiзуге, бiрегей тұқымды жинауға, кiрiске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымның талапқа сай екендiгi туралы куәлiгiне, тұқым аттестатына тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы нөмiрлеуi, тiгуi және қол қоюы тиiстi) есеп жүргiзу;
18) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемiнде үш жыл сақталуын ұйымдастыру.
4. Тұқым сатушыларына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) тұқым сату бойынша жоспарланған жұмыс көлемiн орындау үшiн штат кестесiнде көзделген тиiстi бiлiмi бар мамандардың, оның iшiнде кемiнде бiр тұқым өсiрушi агрономның болуы;
2) әрi қарай тұқым сату үшiн тұқым өндiрушiлермен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымын жеткiзу туралы (тұқымды шетелдiк жеткiзушiлерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда тұқым жеткiзушiлермен) жыл сайынғы келiсiмнiң болуы;
3) жабық асфальтталған алаңдардың, қойма бөлмелерiнiң (жемiс дақылдары мен жүзiмге арналған көмiп қою алаңдарының), тұқым партияларын араласып кетуiне жол бермейтiндей орналастыруға мүмкiндiк беретiн арнайы ыдыстың болуы;
4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн өңдеу, сақтау және сату жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн, меншiк құқығында, лизингте немесе мүлiк жалдауда (ұзақ мерзiмдi жалдау) арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажеттi санының болуы;
5) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң әр тұқым партиясы бойынша сатылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегiне, тұқымды құжаттау, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы нөмiрлеуi, тiгуi және қол қоюы тиiстi тұқымдарды есепке алу журналына есеп жүргiзу;
6) тұқымдарды сақтау және сату материалдарының кемiнде үш жыл сақталуын ұйымдастыру;
7) «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында қорғалатын өсiмдiктер сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда тұқым өткiзушiде (лицензиатта) патент иесi (лицензиар) берген селекциялық жетiстiктi уақытша пайдалану құқығының болуы;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторының карантиндiк объектiлердiң жоқ екендiгi.
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
Өтiнiш
Аттестаттау жүргiзудi және _______________________
_____________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорты) тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн - тек тұқым сату)
жөнiндегi ___________________________________________________________
(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
мәртебесiн берудi сұраймын.
Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:
1. Меншiк нысаны______________________________________________
2. Құрылған жылы______________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгi немесе жеке тұлғаның жеке куәлiгi ________________________________________________
____________________________________________________________________ (№, кiм және қашан бердi)
4. Мекенжайы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №, телефон, факс, е-mаil)
5. Басшының Т.А.Ә.____________________________________________
6. Банк деректемелерi _________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(СТН, БАА, шот №, банкiнiң атауы және тұрған жерi)
7. Қоса берiлiп отырған құжаттар:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (бiлiктiлiк талаптарға сәйкес)
Басшы______________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
20_____жылғы «___»__________________
Өтiнiш қарауға 20____жылғы «____»_____________қабылданды. __________________________________________________________ (өтiнiштi қабылдаған жауапты адамның Т.А.Ә.)
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
5-қосымша
Аттестаттау туралы №___ куәлiк
__________________________________облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының 20____ жылғы «__» ______№_____ шешiмi негiзiнде _______________________________________
(ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорты) тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн - тек тұқым сату)
жөнiндегi ___________________________________________________________
(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
мәртебесi берiлген __________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Басшының Т.А.Ә.____________________________________________________
Лауазымы
___________________________________________________________________
___________________ (қолы)
Берiлген күнi: 20_____жылғы «___»__________________________________
М.О.
20____ жылғы «___»____________________________________ дейiн жарамды.
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым
өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
6-қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың бiрегей тұқым өндiрушiлерге,
элиталық тұқым шаруашылығына, тұқым шаруашылығына, тұқым
өткiзушiге қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексеру актiсi
20 __ жылғы «__» ___________ № _______
_______________________________ облысының (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының 20 ___ жылғы «__»
_________ № ____ шешімімен құрылған сараптамалық комиссия
_____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi)
_____________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны (бiрегей тұқым өндiрушiлер үшiн сорттардың саны көрсетiлмейдi) көрсетiледi)
тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн - тек тұқым сату) жөнiндегi
_____________________________________________________________________ (берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi) мәртебесiне сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi туралы осы актiнi жасады.
Зерттеу нәтижесiнде белгiлi болғаны:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (талаптардың әрбiр тармағы бойынша сәйкестiк дәрежесi көрсетiледi)
Қорытынды:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ________________________________ _____________
(тегi, аты-жөнi, лауазымы) (қолы)
Комиссия мүшелерi: ________________________________ _____________
(тегi, аты-жөнi, лауазымы) (қолы)
________________________________ _____________
(тегi, аты-жөнi, лауазымы) (қолы)
________________________________ _____________
(тегi, аты-жөнi, лауазымы) (қолы) ________________________________ _____________
(тегi, аты-жөнi, лауазымы) (қолы)