Солтүстік Қазақстан облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2012 жылғы 26 шілдедегі N 6/2 шешімі және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі N 202 біріккен қаулылары. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 тамызда N 1812 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімі оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

С. Біләлов

Облыстық мәслихаттың


хатшысы

Қ. Едіресов

Облыстық мәслихат


VI сессиясының төрағасы

Б. Сәмиева

  Бірлескен Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің 2012 жылғы
  26 шілдедегі № 202 қаулысы мен
  Солтүстік Қазақстан облыстық
  мәслихатының 2012 жылғы
  26 шілдедегі № 6/2 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларына және көрсетілген жерлерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.01.2022 № 13/4 және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 21.01.2022 № 10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен шешімімен және қаулысымен.

Аудан
және қала атауы

Төменде көрсетілген құқықта орналасатын бір әкімшілік аудан (қала) шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің (гектар) ең аз мөлшерлері:

жеке меншік

уақытша өтеулі жер пайдалану

шаруа немесе
фермерлік қожалығын
жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматындағы

ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу
үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес
заңды тұлғасындағы және оның үлестес тұлғасындағы

шаруа немесе
фермерлік қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматындағы

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу,
үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік
емес заңды тұлғасындағы және
оның үлестес тұлғасындағы

барлығы

оның ішінде суармалы

барлығы

оның
ішінде суармалы

барлығы

оның ішінде суармалы

барлығы

оның ішінде суармалы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Айыртау

10

1

200

1

80

1

1000

1

2

Ақжар

10

1

200

1

60

1

1000

1

3

Аққайың

10

1

200

1

50

1

1000

1

4

Есіл

10

1

200

1

80

1

1000

1

5

Жамбыл

10

1

200

1

50

1

500

1

6

Қызылжар

10

1

200

1

30

1

500

1

7

Ғабит Мүсірепов атындағы

10

1

200

1

100

1

1000

1

8

Мағжан Жұмабаев

10

1

200

1

80

1

500

1

9

Мамлют

10

1

200

1

50

1

500

1

10

Тайынша

10

1

200

1

100

1

1000

1

11

Тимирязев

10

1

200

1

60

1

1000

1

12

Уәлиханов

10

1

200

1

60

1

1000

1

13

Шал ақын

10

1

200

1

50

1

1000

1

14

Петропавл қаласы

1

1

10

-

1

1

1

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады