Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 202 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 26 шілдедегі № 6/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1812 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Бубенко |