2013 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 10/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қаңтарда N 2091 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы 9 қаңтардағы N 2.1-11/03 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы 9 қаңтардағы N 2.1-11/03 хаты)

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТI:
      1. 2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Есіл өзені бассейнінің жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихатының
      Х сессиясының төрағасы                    С. Ахметбеков

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихатының
      хатшысы                                    Қ. Едіресов

Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/3
шешіміне
қосымша

2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Есіл өзені бассейнінің жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары


Арнайы су пайдалану түрі

өлшем бірлігі

2012 жылға арналған базалық мөлшер леме (теңге)

Инфляция коэффиценті
2012*2013

2013 жылға арналған төлем мөлшерлемесі (теңге)
4 бағ*5
бағ

1

2

3

4

5

6

1

Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000

текше м.

83,73

1,07

89,59

2

Жылу қуатын қоса алғанда өнеркәсіп

1000 текше м.

231,95

1,07

248,19

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше м.

65,88

1,07

70,49

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылығы

1000 текше м.

65,88

1,07

70,49

5

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар

1 тонна

167,44

1,07

179,16

6

Гидроэнергетика

1000 кВт/сағ.

23,33

1,07

24,96

7

Су көлігі

1000
т.км

6,87

1,07

7,35

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады