"Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі N 3 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі N 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 31 шілдеде N 13-1-227 тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3шешіміне (№ 13-1-161 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Қызылжар нұры» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (244), «Проспект СК» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (292) сандарында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      осы шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      2. Аталған тұлғаларды жеткізетін әлеуметтік инфрақұрылым объектілері анықталсын:
      1) емханалар мен ауруханалар;
      2) түзету мектептері;
      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
      4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;
      5) медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдері;
      6) Петропавл қаласының аумағында орналасқан медициналық-әлеуметтік мекемелер;
      7) «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы;
      8) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы;
      9) мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі;
      10) «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      11) «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының               Қалалық мәслихат
      төрағасы                                   хатшысы
      Ж. Тәжин                                   Л. Жолмұқанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады