"Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2012 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 631 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі N 1398 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 тамызда N 13-1-231 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы N 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 21.01.2013 N 75 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2012 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 631 қаулысына (2012 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 13-1-216 тіркелген, «Қызылжар нұры» газетінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 19, «Проспект СК» газетінінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 20 сандарында жарияланған) мынадай мазмұндағы өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе сөз жаңа редакцияда мазмұндансын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 38-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады