2013 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы N 334 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 ақпанда N 2153 болып тіркелді

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
      2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері және 2013 жылға арналған олардың қаржыландыру көздері бойынша ұйымдардың тізбесі (әрі қарай мәтін бойынша - Тізбе) бекітілсін.
      3. Қоса берілген қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбегін төлеу көлемі және жұмыс тәртібі бекітілсін.
      4. «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес қоғамдық жұмыстарды атқаруға жұмыс берушілермен келісім-шарттарды жасасып, жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      5. Қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс анықталсын:
      жұмыс орындары қажеттілігінің берілген өтінім санында – 239 бірлік;
      жұмыс орындары қажеттілігінің бекітілген өтінім санында – 239 бірлік.
      6. «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес қоғамдық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу ең төменгі жалақы көлемінде орнатылсын ең төменгі жалақы 18660 теңгені құрайды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
      7. Қоғамдық жұмыстардың шарттары аптасына 5 жұмыс күні екі демалыс күні (сенбі, жексенбі) сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат 30 минут ұзақтығымен анықталады, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында жасалған еңбек шартымен қарастырылған жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысандары Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңдылығына сәйкес қолданылады. Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жабық жылытылмайтын тұрғын-жайларда жұмыс істейтін, сонымен қатар, тиеу – түсіру жұмыстарында жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс уақытына кіретін демалу және жылыну үшін арнайы үзіліс беріледі. Жұмыс беруші жұмысшылардың демалуы және жылынуы үшін тұрғын-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      8. «Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу өңірлік тарауының тізілімінде 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 13-2-146 тіркелді, аудандық «Аққайың» газетінде 2012 жылдың 2 ақпанында № 7, «Колос» газетінде 2012 жылдың 2 ақпанында № 7 жарияланды) қаулысының, «2012 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу өңірлік тарауының тізілімінде 2012 жылғы 7 мамырдағы № 13-2-153 тіркелді, аудандық «Аққайың» газетінде 2012 жылдың 17 мамырдағы № 26, «Колос» газетінде 2012 жылдың 17 мамырдағы № 26 жарияланды), қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудан әкімінің орынбасары С.Ө.Мұқановқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының әкімі                    Р. Елубаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы Әділет
      министрлігі Солтүстік Қазақстан
      облысының Әділет департаменті Аққайың
      ауданының әділет басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.С. Кәдөш
      25 желтоқсан 2012 ж.

      «Аққайың аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Е.В. Галыгина
      25 желтоқсан 2012 ж.

      «Аққайың аудандық архиві»
      мемлекеттік мекемесінің директоры          Д.А. Досжанова
      25 желтоқсан 2012 ж.

      «Аққайың ауданының
      орталықтандырылған кітапханасы
      жүйесі» коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М.Ө. Шәріпова
      25 желтоқсан 2012 ж.

      «Солтүстік Қазақстан облысының
      прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің
      Солтүстік Қазақстан облысының
      әділет кеңесшісі Аққайың
      ауданының прокуроры                        Е.Қ. Ыбыраев
      25 желтоқсан 2012 ж.

      «Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Соты жанындағы
      Соттардың қызметін қамтамасыз
      ету департаментінің
      (Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Соты аппаратының)
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      сотының кеңсесі» мемлекеттік
      мекемесінің Солтүстік Қазақстан облысының
      Аққайың аудандық сотының
      төрағасының м. а.                          А.М. Шәмшінұрова
      25 желтоқсан 2012 ж.

      «Қазақстан Республикасы төтенше
      жағдайлар министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысының
      төтенше жағдайлар департаменті
      Аққайың ауданының төтенше жағдайлар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н.К. Елемесов
      25 желтоқсан 2012 ж.

      «Солтүстік Қазақстан облысының
      ішкі істер департаменті
      Аққайың ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.С. Сахатов
      25 желтоқсан 2012 ж.

      «Қазақстан Республикасы
      әділет министрлігі сот актілерін
      орындау Комитетінің Солтүстік
      Қазақстан облысының сот актілерін
      орындау департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р.А. Базылов
      25 желтоқсан 2012 ж.

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 334 қаулысымен бекітілген

Ұйымдардың тізбесі, 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың  түрлері мен көлемдері

р/
с

Ұйымның атауы

Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері

Жұмыстардың көлемі

Адам-
дар-
дың
саны

қаржылан
дыру көзі

1

2

3

4

5

6

1

«Смирново селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Көшелерде қарды жинау, ескерткіш алдында алаңдарын жинау – 40000 м., көшелерді қоқыстан жинау, арамшөпті жұлу – 20000 м., ағаштарды кесу – 150 дана, аумақтарды қоқыстан жинау – 10000 м., бұтақшаларды кесу,
ағаштарды ағарту – 100 дана. Ағарту, бояу, ескерткіштерді жарым–жарты сылақтау – 2325, көшеттерді отырғызу 1007. Фонтанды тазалау – 1 дана.

46

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету

Смирново с. Халқын санақтау - 1983 аулалар

6

Аудандық бюджет

2

«Аралағаш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Аумақты қоқыстан жинау - 38000, қоқысты салу – 15000 тонна. Көшелерде өсімдіктерді отырғызу – 50 дана. Ағаштардың бұтақтарын кесу – 1000 дана. Ескерткіштерді сырлау, ағарту, бояу. Ескерткіштердің аумағын қоқыстан жинау – 200 м., оны арбаға салу – 300 тонна, клумбаларды жасау, гүлдерді отырғызу – 30 дана. Көше жиектерін және қалған жерлердегі шөптерін шабу, шөпті жинау – 18000 м. Көшелердегі электр бағаналарды ағарту – 160 дана. Аялдамалардағы қоқыстарды жинау – 100 м.

12

Аудандық бюджет

Ұйымдардың және мемлекеттік мекемелердің жылыту маусымы кезінде жәрдемдесу.

Пешке көмір салу – 50 тонна. Пешті шлактан тазалау және далаға тасып шығару – 50 тонна. Мекеменің ауласын жинау – 300 м.

3

Аудандық бюджет

3

«Астраханка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Орталықтағы алаңды, ескерткіштер жанындағы батпақтар мен қоқыстарды жинау – 15000 м., селоға кірердегі жолдың жағасын қоқыстан жинау - 13500 ш., ағаштарды ағарту - 110, Бұтақтарды отырғызу - 70, бағаналарды ағарту – 100, Көшелердегі электр бағаналарды ағарту 40, селосында көшелердің жағаларын шөптен алу - 20000, гүлзарларды жасау, гүлдерді отырғызу - 35, бұтақтарды отырғызу, оларды суару, ағаштарды кесу - 100.

8

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету

Округтардың селоларында халықты санақтау - 345

2

Аудандық бюджет

4

«Власовка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Көшелерді және алаңдарды қоқыстан жинау - 13000. Орындықтарды бояу - 10, столбаларды бояу - 70, ағаштарды кесу - 80, клумбаларда жер қазу - 35, жолдың жағасынан шөпті жұлу, заборды орнату, заборды жөндеу 15000.

12

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету

Округтардың селоларында халықты санақтау – 325 аула

2

Аудандық бюджет

5

«Григорьевка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Аумақта қоқысты жинау - 15000, арбаға қоқысты қолмен салу, көшелерде өсімдіктерді отырғызу - 80. Ағаштардың бұтақтарын кесу. Ескерткіштерді сырлау, ағарту, бояу. Ескерткіштердің аумағын қоқыстан жинау, оны арбаға қолмен салу - 17000, клумбаларды жасау, гүлдерді отырғызу, гүлдерді суару, клумбаларда шөп жұлу - 30.
Көше жиектерін және қалған жерлердегі шөптерін шабу, шөпті жинау - 13000. Көшелердегі электр бағаналарды ағарту - 40. Аялдамалардағы қоқыстарды жинау - 10. Көшелерде қарды жинау - 10000.

12

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету

Округтің 4 селосы бойынша халықты санақтау - 405

2

Аудандық бюджет

Суландыру жұмыстарын, сондай-ақ, көктемгі-күзгі тасқынға байланысты жұмыстарын жүргізу.

Құбырларды тазалау, аумақтарды қардан тазалау - 20000

1

Аудандық бюджет

6

«Ивановка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Көшелерді қоқыстан тазалау - 8, саяжолды – 800, көшеттерді отырғызу - 50, ағашты және столбты ағарту - 70, клумбаны жасау және гүлдерді отырғызу - 30, көшелерде шөпті жұлу – 900, бұтақтарды, ағаштарды кесу – 5, қоршауды сырлау – 9, мемориалдармен ескерткіштерді сырлау - 2.

8

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету

Ауланы аралау - 364 аула

2

Аудандық бюджет

7

«Қиялы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Көшелерді қоқыстан жинау - 13000, ағаштарды кесу, бағаналарды және ағаштарды ағарту - 100, көшелерде арамшөпті жұлу, қоқысты арту, түсіру және шығару – 1500 тонна.

20

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету

Ауланы аралау

3

Аудандық бюджет

8

«Лесной селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Көшелерде қоқыс жинау - 100, көшелердің аумақтарда арамшөпті жұлу - 13000, ағаштарды отырғызу - 70, гүлдерді отырғызу және су құю – 50, Ағарту, бояу, ескерткіштерді жарым – жарты сылақтау, саяжайдағы ағаштарды кесу – 2500, қоқыстарды күйдіру – 5000 тонна.

12

Аудандық бюджет

Ұйымдардың және мемлекеттік мекемелердің жылыту маусымы кезінде от жағушы ретінде жұмыс істеу

қазанға көмір салу – 150 тонна, қазанды тазалау және оны далаға шығару – 100 тонна, Жылытатын әкімдігінің ғимараты жинау - 300.

3

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету

Ауланы аралау - 484 аула

1

Аудандық бюджет

9

«Полтавка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Көшелерді қоқыстан жинау - 1300,
зират алдында алаңды қоқыстан жинау - 300,
клумбаны жасау - 100, заборды жөндеу жас ағаштарды кесу - 1300.

10

Аудандық бюджет

Суландыру жұмыстарын, сондай-ақ, көктемгі- күзгі тасқынға байланысты жұмыстарын жүргізу.

Құбырларды тазалау, жолдарды, жол жағасын қардан тазалау - 20000

1

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету.

Ауланы аралау - 300 аула

1

Аудандық бюджет

Ұйымдардың және мемлекеттік мекемелердің жылыту маусымы кезінде от жағушы ретінде жұмыс істеу.

Пешке көмір салу – 120 тонна. Пешті шлактан тазалау және далаға тасып шығару - 100. Мекеменің ауласын жинау - 500.

3

Аудандық бюджет

10

«Тоқшын селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

көшелерінде қоқысты жинау - 20000, қоқысты қолмен арту тракторға, жол жағынан қоқысты жинау, селоның көшелерінде, жол жағынан арамшөпті жұлу – 40000, ағаштар мен саяжайларды кесу – 200, көшедегі бағаналарды ағарту - 50.

10

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету

Тоқшын с., Камышлово с., Тюменка с. халықты көшіріп жазу – 836 аула

6

Аудандық бюджет

11

«Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Аумақта қоқысты жинау - 49000, қолмен арбаға қоқысты салу - 14000. Көшелерде өсімдіктерді отырғызу. Ағаштардың бұтақтарын кесу - 250. Ескерткішті жарым жарты сырлау, ағарту, бояу. Ескерткіштің аумағын қоқыстан жинау - 300, оны қолмен арбаға салу - 300. Клумбаларды жасау, гүлдерді суару, клумбаларда шөп жұлу - 100. Көшелердегі жолдардың жиектерін және қалған жерлерін шөптер шабу, шөпті жинау - 15000. Көшелердегі электр бағаналарды ағарту - 250. Аялдама павильонын бояу, аумағын қоқыстан жинау - 200.

7

Аудандық бюджет



Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету.

Шағалалы а., Степное с., Южное с. халықты көшіріп жазу – 564 аула.

2

Аудандық бюджет

Ұйымдардың және мемлекеттік мекемелердің жылыту маусымы кезінде жәрдемдесу.

Пешке көмір салу – 150 тонна. Пешті шлактан тазалау және далаға тасып шығару - 100. Мекеменің ауласын жинау - 300.

3

Аудандық бюджет

12

«Черкас селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру мен көркейту (ағаштарды отырғызу, гүл өсіретін алаңды бөлшектеу), орман шаруашылықты, демалу және туризм аймақтарын сақтандыру мен дамыту, қаңғыратын жануарларды аулау.

Ауылдардың көшелерден қоқыс жинау – 150 тонна,
ауылдардың көшелер бойынша арамшөпті жұлу, ағаштарды кесу - 300.

6

Аудандық бюджет

Суландыру жұмыстарын, сондай-ақ, көктемгі-күзгі тасқынға байланысты жұмыстарын жүргізу.

трубаларды жол жиектерін тазалау, көшелерде қарды жинау - 15000.

2

Аудандық бюджет

Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету.

Черкас с., Добровольск с., Новоросийка с. халықты көшіріп жазу – 557 аула.

2

Аудандық бюджет

13

«Аққайың ауданының архиві» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды сақтауды даярлау және өңдеуге көмек көрсету.

Мұрағат құжаттарын өңдеу – 1200 іс.

8

Аудандық бюджет

14

«Қазақстан Республикасы әділет министрлігі сот актілерін орындау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды сақтауды даярлау және өңдеуге көмек көрсету.

Мұрағат құжаттарын өңдеу – 900 іс.

2

Аудандық бюджет

15

«Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құжаттандыру бойынша көмек көрсету.

Халықты құжаттандыру үшін қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу – 450 іс.

4

Аудандық бюджет

16

«Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша көмек көрсету

Жұмыспен қамту мәселелері жөнінде көмек көрсету, жәрдемақыларды тағайындауда 650 іс, сонымен бірге жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және есепке қоюға қажетті құжаттарды жинау – 67 іс. Істерді қалыптастыру – 700 іс.

4

Аудандық бюджет


«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Аққайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды сақтауды даярлау және өңдеуге көмек көрсету.

Идаралық мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды өңдеу және дайындау – 400 іс. Кіріс және шығыс құжаттарын қабылдау.

3

Аудандық бюджет


«Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды сақтауды даярлау және өңдеуге көмек көрсету.

Идаралық мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды өңдеу және дайындау – 900 іс.

3

Аудандық бюджет


«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамассыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кенсесі» мемлекеттік мекемесі

Іс жүргізуге көмек көрсету.

Мұрағаттық құжаттарды өңдеуге, іс жүргізуге көмек көрсету – 650 іс, мекен жайлары бойынша шақыру қағаздарын тарату.

2

Аудандық бюджет


«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті Аққайың ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды сақтауды өңдеу мен дайындауға көмек көрсету.

Идаралық мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды өңдеу және дайындау – 200 іс.

8

Аудандық бюджет


«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды сақтауды өңдеу мен дайындауға көмек көрсету.

Идаралық мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды өңдеу және дайындау – 2000 іс.

2

Аудандық бюджет

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 334 қаулысымен бекітілген

Қоғамдық жұмыстарда тартылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері және жұмыс тәртібі


р/
с

Жұмыс түрлері

Бір жұмыссызға еңбек ақы төлемінің мөлшері

Жұмыс тәртібі

бес күндік жұмыс аптасы

1

Физикалық күшке байланысты және ашық ауадағы жұмыстар (абаттандыру, қаланы тазалау, құрылыс және жөндеу жұмыстары)

1 ең төменгі еңбекақы төлемі - 18660 теңге

40 сағаттық жұмыс аптасы

8 сағаттық жұмыс күні

2

Физикалық күшке байланысты емес және ғимараттың ішінде орындалатын жұмыстар

1 ең төменгі еңбекақы төлемі - 18660 теңге

40 сағаттық жұмыс аптасы

8 сағаттық жұмыс күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады