Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің 23.08.2018 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Аралағаш ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып,Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімін қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Аралағаш ауылы көшелеріне атау берілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме калдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округ әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйек 10 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылының көшелеріне атаулары
Бірінші көше - Желтоқсан көшесі
Екінші көше - Центральная көшесі
Үшінші көше - Абай көшесі
Төртінші көше - Ж.Жабаев көшесі
Бесінші көше - Молодежная көшесі
Алтыншы көше - Новостроительная көшесі