Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 29.01.2014 N 5-22-1 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Айыртау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға монша және шаштараз орындарына бару үшін 400 (төрт жүз) теңге көлемінде ай сайын;
2) белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тағаммен қамтамасыз ету үшін 600 (алты жүз) теңге көлемінде ай сайын;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірлген тұлғаларға, тіс протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйымдармен жүзеге асырылатын, тісті протездеуге жылына бір рет, тіс протездеудің құны көлемінде ұсынылған шот-фактураға сәйкес (қымбат металлдардан, металлокерамика, металлоакрилл протездерінен басқасы);
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 207 қаулысы негізінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесіне 2008 жылғы 5 қыркүйектегі № 1685 енгізілген), 4 (төрт) айлық есеп көрсеткіші көлемінде коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін ай сайын;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірлген тұлғаларға, басқа да санатты тұлғаларға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға және барлық санаттағы мүгедектерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және ерте «Батыр-ана» атағын алғандарға, және де I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға, Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбектері үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы ордендерінің иелеріне, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалардың есебінділерге, Қазақстан Республикасына оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз бетімен кеткен) көшірілгендерге, көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, санаторлы-курорттық емделуге жылына бір рет, жолдама құны мөлшерінде;
6) аз қамтылған жанұялардан шыққан студенттердің оқуына ағымдағы оқу жылы үшін оқу құны мөлшерінде жылына бір рет.
2. Анықталсын:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, және оларға теңестірілген тұлғаларға монша және шаштараз орындарына бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және өтініш иесінің қайтыс болуына немесе Айыртау ауданының аумағынан тыс кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем көрсетілген жағдайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
2) әлеуметтік төлемдер аудан бюджетінен «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес, екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы арқылы алушының дербес шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
3. Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
4. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстардың қаржыландырылуы «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451.007.000 бағдарламасы бойынша қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
5. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
II сесиясының төрағасы С. Пономарев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Р. Тілеубаева
КЕЛІСІЛДІ: 7 наурыз 2012 жыл
«Айыртау ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Қазбеков
«Айыртау ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Рамазанова
Аудандық
мәслихаттың 2011 жылғы
7 наурыздағы № 5-2-2 шешіміне
қосымша
Айыртау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар
тізбесі
1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар:
әлеуметтік көмекке өтініш берушінің өтініші (бұдан әрі - өтінуші);
өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
мүгедектік, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе оларға теңестірілгені туралы куәліктің көшірмесі;
өтінушінің дербес шотының көшірмесі;
өтінушінің мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
белсенді туберкулезбен ауыратындарды қосымша тамақтандыру арқылы әлеуметтік көмек көрсетілетін, белсенді туберкулез тобында диспансерлік есепте тұрғаны туралы аумақтық медициналық мекемеден анықтама;
тіс протезіне және санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек көрсетілгенде, медициналық ұйымнан көрсетілген қызмет туралы есеп-фактура;
санаторлық-курорттық емнің қажеттігі туралы санаторлық-курорттық карта;
мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан мемлекеттік жәрдемақы алуы туралы анықтама;
тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат.
2. Тексерілгеннен соң құжаттардың түпнұсқасы өтінушіге қабылданған күні қайтарылып беріледі, көшірмелері куәландырылғаннан кейін іс құжаттарына тіркеледі.