Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 25.12.2012 N 430 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабы 5-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжар ауданы ұйымдарының, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің Тізбесі (әрі қарай - Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес, жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3. Қоғамдық жұмыстарға деген сұраныс пен ұсыныс анықталсын:
мәлімделген қажетті жұмыс орындарының саны – 195 жұмыс орны;
бекітілген қажетті жұмыс орындарының саны – 195 жұмыс орны.
4. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес, қоғамдық қызметкерлердің еңбекақысы ең төменгі жалақы көлемінде төленсін. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
5. Қоғамдық жұмыстардың талаптары жұмыс аптасының ұзақтығына байланысты белгіленеді: екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) бес күн, 1 сағаттық түскі үзілісімен сегіз сағаттық жұмыс күні. Еңбек талабына байланысты, жұмыс беруші мен қызметкер арасында бекітілген еңбек шартында жұмыс уақытын ұйымдастырудың иілгіш формаларының қолданылуы қарастырылған.
6. Еңбек және техникалық қауіпсіздікті қорғау бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-саймандармен және жабдықтаумен қамтамасыздандыру, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлем, зиянды төлеу, зақымдану немесе басқа бұзылған денсаулық себептеріне, зейнеткерлік және әлеуметтік қаржы бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілсін.
7. «Ақжар ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» 451-002-100 бюджеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық қызметтегі жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
8. «Ақжар ауданының ұйымдарында төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 13-4-115 нөмерімен тіркелген, 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Ақжар-хабар» және 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Дала дидары» аудандық газеттерінде жарияланған) аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 қаулысы күші жойылған деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Б. Сыздықовқа жүктелсін.
10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Тастеміров
«КЕЛІСІЛДІ»:
Солтүстік Қазақстан облысы
сот актілерін орындау
Департаментінің бастығы С.С. Сағдат
«КЕЛІСІЛДІ»:
Ақжар аудандық мұрағат
мемлекеттік мекемесінің
директоры С.С. Исмағұлова
«КЕЛІСІЛДІ»:
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының Әділет басқармасы
бастығының міндетін атқарушы Ж.А. Сәдуов
Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 7 ақпандағы № 48
қаулысымен бекітілген
Ақжар ауданы ұйымдарының, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі
№ |
Мекемелердің |
Қоғамдық |
Жұмыс көлемі |
Адам |
Қаржылан |
1 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қоқыстан тазалау - 2000 шаршы метр, арам шөптерді жұлу 1000 шаршы метр, ағаштарды кесу - 65 дана, бұтақтарды кесу – 200 бұта, ағаштарды әктеу – 65 дана, көшеттерді егу – 130 дана |
5 |
Аудандық |
2 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Ағаш отырғызу – 60 дана, гүлзарларды бөлшектеу - 10 дана, гүл егу, суару. Көшелерді қоқыстан тазалау 2000 шаршы метр, бағандарды әктеу – 120 дана, қоқыс тастайтын жерлерді жайғастыру - 700 шаршы метр, арам шөптерді жұлу – 1000 шаршы метр, жол бойындағы шөпті шабу – 1000 шаршы метр, дуалдарды жөндеу – 200 шаршы метр, ескерткішті сылау, әктеу, сырлау – 1 дана |
8 |
Аудандық |
2. Қысқы уақытта мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың жылыту жүйесіне көмектесу жұмысы |
Әкімшілік ғимаратын жылыту 324,5 шаршы метр |
2 |
Аудандық |
||
3 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі» мемлекеттік мекеме әкімінің аппараты |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Ауылға кіретін жолында кюветтерді қардан тазалау – 10000 метр, 15 көшені қоқыстан тазалау, ескерткіштерді сылау, сырлау, әктеу – 2 дана, ағаштарды әктеу – 40 дана, көшеттерді отырғызу – 45 дана, бағандарды әктеу – 145 дана, көшелердегі кюветтердің шөбін шабу – 8000 метр, гүлзарларды бөлшектеу, гүл егу, суару – 5 гүлзар, ағаштарды кесу – 40 дана, 2000 шаршы метр стадион алаңын қоқыстан жинау, 500 шаршы метр дуалдарды сырлау |
7 |
Аудандық |
4 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Восход ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қардан тазалау – 1200 шаршы метр, көшелерді қоқыстан тазалау – 3200 метр, арам шөптерді жұлу – 450 метр, ағаштарды кесу – 120 дана, бұталарды кесу – 110 дана, ағаштарды әктеу – 120 дана, ескерткішті сылау, сырлау, әктеу 1 дана. Гүлзарларды бөлшектеу, гүл егу, суару - 6 гүлзар |
8 |
Аудандық бюджет |
5 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенашы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Орталық алаңын қоқыстан тазалау, жинау – 250 шаршы метр селоға кіру жолында кюветтерді қардан тазалау – 10000 метр, ескерткішті сылау, сырлау, әктеу – 1 дана, ағаштарды әктеу – 55 дана, көшеттерді отырғызу - 40 дана, бағандарды әктеу – 130 дана, көше бойындағы кюветтерде шөп шабу – 6500 метр, гүлзарларды бөлу, гүл егу, суару – 6 гүлзар, ағаштарды кесу – 55 дана |
10 |
Аудандық |
6 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші Қарой селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Әкімшілік ғимаратының маңайын қоқыстан тазалау – 2000 шаршы метр, қардан тазалау – 2000 шаршы метр, ағаштарды кесу – 100 дана, гүлзарларды қазу, гүл егу, арам шөбін жұлу, суару – 6 гүлзар, жол бойындағы шөпті шабу – 2100 метр, қоршауларды жөндеу – 300 метр, ескерткіштерді сылау, әктеу – 2 дана |
11 |
Аудандық |
2. Қысқы уақытта мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың жылыту жүйесіне көмектесу жұмысы |
350 шаршы метр әкімшілік ғимаратын жылыту |
1 |
Аудандық |
||
7 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Құлыкөл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Орталық алаңын қоқыстан тазалау, жинау – 350 шаршы метр селоға кіру жолында кюветтерді қардан тазалау – 70000 метр, ескерткішті сылау, сырлау, әктеу – 1 дана, ағаштарды әктеу – 45 дана, көшеттерді отырғызу - 35 дана, бағандарды әктеу – 110 дана, көше бойындағы кюветтерде шөп шабу – 10000 метр, гүлзарларды бөлу, гүл егу, суару – 5 гүлзар, ағаштарды кесу – 45 дана. Қоқысты қолмен артып шығару – 10 арба, дуалдарды орнату, сырлау – 90 шаршы метр |
9 |
Аудандық бюджет |
8 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Алаңды қардан, қоқыстан тазалау – 500 шаршы метр, арам шөптерді жұлу – 2000 шаршы метр, бұтақтарды кесу – 125 бұта, ағаштарды әктеу – 360 дана, бағандарды әктеу – 300 дана, қоқыс тастайтын жерлерді жайғастыру – 7500 метр, жол бойындағы шөпті шабу - 12000 метр, жол бойындағы қокысты жинау – 12000 метр, қоқысты арту және түсіру – 11 тонна, гүлзарларды бөлу, гүл егу, арам шөбін жүлу, суару – 20 гүлзар, ескерткіштерді сылау, сырлау – 2 дана, орындықтарды жөндеу, сырлау – 20 дана, дуалдарды сырлау – 230 шаршы метр |
20 |
Аудандық |
2. Шаруашылық кітабының жазуын анықтау үшін ауланы аралау |
Аула бойынша аралау – 1006 аула, 60 шаруашылық кітап толтыру |
3 |
Аудандық |
||
3. Қысқы уақытта мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың жылыту жүйесіне көмектесу жұмысы. |
Дәуіт ауылында әкімшілік ғимараттың жылыту 40 шаршы метр |
1 |
Аудандық |
||
4. Жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындау кезінде қажетті кұжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету |
Тоқсанда 160 іс даярлау |
3 |
Аудандық |
||
9 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Әкімшілік ғимаратының маңайын қоқыстан тазалау 500 шаршы метр, қардан тазалау - 500 шаршы метр, ағаштарды кесу 55 дана, гүлзарларды қазу, гүл егу, арам шөбін жүлу – 6 гүлзар, жол бойындағы шөптерді шабу – 3700 метр, дуалдарды жөндеу – 350 метр ескерткіштерді сылау, сырлау – 1 дана, бағандарды әктеу – 70 дана |
6 |
Аудандық |
10 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Новосел селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Аумақты қоқыстан тазалау - 2000 шаршы метр, ағаштардың бұталарын кесу – 58 ағаш, ескерткіштерді сылау, сырлау, әктеу – 2 дана, кошеттерді отырғызу – 40 дана, дуалдарды жөндеу – 1000 метр, бағандарды әктеу – 160 дана, жол бойының шөбін шабу – 10000 метр, гүлзарларды бөлу, гүл егу, суару – 7 гүлзар, арам шөптерді жұлу -1000 шаршы метр |
10 |
Аудандық |
11 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Әкімшілік алаңын күнделікті қоқыстан, кардан тазалау 2000 шаршы метр, ауылға кіру жолында кюветтерді қардан тазалау – 6500 метр, жол бойындағы шөпті шабу – 2300 метр, ағаштарды кесу – 180 дана, бағандарды әктеу – 310 дана, қоқысты қолмен арту – 10 арба, ескерткіштерді сылау, әктеу – 6 дана, қоршауларды сырлау – 4000 метр, көшеттерді отырғызу – 180 дана, гүлзарларды бөлу, гүл егу, арам шөбін жүлу, суару, күзету – 15 гүлзар, фонтанды тазалау, сырлау – 1 дана, стадион мен паркті қоқыстан тазалау – 2000 шаршы метр, орындықтарды сырлау – 35 дана |
45 |
Аудандық |
2. Шаруашылық кітабінің жазуын анықтау үшін ауланы аралау |
Аула бойынша аралау – 1200 аула, 53 шаруашылық кітап толтыру |
3 |
Аудандық |
||
3. Жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындау кезінде қажетті кұжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету |
Тоқсанда 120 іс даярлау |
2 |
Аудандық |
||
4. Мұз қалашық салуға қосалқы жұмыстарын атқару |
Пішіндерді ойып кесуіне қардан дайындауларды даярлау – 20 дана |
7 |
Аудандық |
||
12 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ұялы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қардан тазалау - 3000 шаршы метр, алаңды қардан тазалау – 3000 шаршы метр, шөптерді жұлу – 1000 шаршы метр, бұтақтарды кесу – 40 бұта, ағаштарды әктеу – 50 дана, жол бойында қоқысты тазалау – 100 шаршы метр, шөптерді шабу – 1000 шаршы метр, қоқысты арту және түсіру – 6 тонна, гүлзарларды бөлу, гүл егу, суару – 4 дана |
9 |
Аудандық |
13 |
«Ақжар аудандық мұрағат» мемлекеттік мекеме |
1. Құжаттарды сақтауға дайындау мен ретке келтіру жұмыстарына көмек көрсету |
1000 істі ретке келтіру |
4 |
Аудандық |
14 |
«Ақжар» мемлекеттік коммуналдық мекеме |
1. Ауыл аумағын жинауға көмектесу |
Көшелерді қокыстан, қардан тазалау - 10000 шаршы метр, қоқысты қолмен арту, шығару 20 арба |
13 |
Аудандық |
15 |
Ақжар ауданындағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау Департамен |
1. Сот актілерінің тиімділігін арттыру үшін сот атқарушыларға көмек көрсету |
200 акт |
4 |
Аудандық |
16 |
Ақжар ауданының Әділет басқармасы «Солтүстік Қазақстан облысының Әділет де |
1. Заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың тіркелген мүліктерінің мұрағат істерін жинақтауға көмектесу |
300 іс |
4 |
Аудандық |