"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі N 311 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 қазанда N 1914 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы N 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 24.05.2013 N 178 қаулысымен

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 2)5)6)7)-тармақшаларына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1.Қоса берілген:
      «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;
      «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттiк қызмет регламенттерi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мемлекеттік мекемесінің бастығына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                А. Тастеміров

Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 311
қаулысымен бекітілді

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» Регламентінде (әрі қарай - регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – бұл уәкілетті органның жауапты тұлғасы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе оның кіші жүйесі (әрі қарай – ҚФБ);
      2) мемлекеттік қызметті алушы - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
      3) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Целинная көшесі, 13а, электрондық пошта мекенжайы akzhar-social@sko.kz, телефон 8-715-46-2-14-49 мекенжайында орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (әрі қарай - уәкілетті орган) мемлекеттік мекемесімен ұсынылады.
      «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» - мемлекеттік қызметке мыналар жатады:
      1) «Адамдарға жастар практикасына жолдама беру»;
      2) «Адамдарға қоғамдық жұмысқа жолдама беру»;
      3) «Адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жолдама беру»;
      4) «Жұмысқа орналасуға жолдама беру»;
      5) «Адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктікті арттыруға жолдама беру»;
      6) «Адамдарға кәсіби бейімделуге тегін қызметтер көрсету».
      3.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 2)5)6)7)-тармақшаларына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін беріледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-azh.sko.kz интернет-ресурста, уәкілетті органның стендінде, ресми ақпарат көзінде орналасқан.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға қағаз тасымалдаушы түрінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру (әрі қарай – Жолдама) немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      «Адамдарға кәсіби бейімделуге тегін қызметтер көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыны жұмысқа орналастыруға болатын кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі туралы ауызша ақпараттандыру (кеңес беру) болып табылады.
      8. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:
      «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген мерекелік және демалыс күндерінен басқа уақытта күнсайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті оранның ғимаратында көрсетіледі. Күту залында отыратын орындықтар, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті ақпарат орналастырылған ақпараттық стендтер, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік құралдары бар. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мемлекеттік қызмет алуына қызмет көрсету үшін жағдайлар жасалған.
      Уәкілетті органның бөлмесі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, күзет дабылымен жасақталған, бөлме режимі – еркін.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      10. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға (әрі қарай – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 12-тармақта белгіленген қажетті құжаттарды ұсыну күнінен – 30 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі алушының жүгінген күніндегі ең ұзақ шекті уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушының жүгінген күні орында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсететін ең ұзақ шекті уақыты 30 минуттан аспайды.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мыналарды ұсынады:
      1) жеке куәлік (төлқұжат);
      2) еңбек қызметін растайтын құжат;
      3) әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлік;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      5) кәсіби біліктілікті куәландыратын құжат (болғанда), ал, алғаш жұмыс іздеген, бірақ та кәсібі (мамандығы) жоқ тұлғаларға – білімі туралы құжат.
      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұрақты тұруға рұқсат қағаз және ішкі істер органында тіркелгені туралы азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігін ұсынады.
      Оралмандар оралман куәлігін ұсынады.
      Мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер қарастырылмаған.
      Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет алуға өтініш толтырылмайды.
      13. Уәкілетті органға жүгінгенде барлық қажетті құжаттар тіркеуді іске асыратын уәкілетті органның қызметкеріне тапсырылады.
      Жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысанына қатысуға жолдама беріледі.
      Жолдама беру мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өзі барғанда іске асырылады.
      14. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуінің болмағанында жұмыссыздарға жолдама беруден бас тартады («Адамдарға қоғамдық жұмысқа жолдама беруді» және «Адамдарға кәсіби бейімделуге тегін қызметтер көрсетуді» қоспағанда).
      Мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату үшін негіздер жоқ.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушыдан өтініш қабылдау күнінен мемлекеттік қызмет нәтижесін беру күніне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
      1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның жауапты маманына мемлекеттік қызметтің ұсынылуына қажетті құжаттардың тізбесін ұсынады;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды, тіркеуді жүргізеді және басшының қарауына жібереді;
      3) уәкілетті органның басшысы, танысады, қарар белгілейді және құжаттарды жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін уәкілетті органның бас маманына жібереді;
      4) уәкілетті органның бас маманы Жолдаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
      5) уәкілетті органның басшысы Жолдамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және жауапты маманға жібереді;
      6) уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін кітапқа тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға Жолдама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функцияналдық бірліктер қатысады (әрі қарай – ҚФБ):
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы;
      3) уәкілетті органның бас маманы.
      17. Әрбір әкімшілік әрекетті орындау мерзімі көрсетіліп әрбір ҚФБ-мен әкімшілік әрекеттің (үдерістің) өзара әрекеті мен бір ізділіктің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      18. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бір ізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органның басшысы, уәкілетті органның жауапты лауазымды тұлғалары (әрі қарай – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы қабылдаған шешім мен әрекетке (әрекетсіздікке), Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған тәртіпте белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің жүзеге асырылуына жауапты болады.
      20. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы болады.
      Жазбаша шағыммен жүгінген мемлекеттік қызметті алушыға осы шағымға жауап алған күні мен уақыты, шағымның қаралу барысын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтері көрсетілген талон беріледі.

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
мемлекеттік регламентіне 1-қосымша

      Әкімшілік әрекеттердің (үдерістердің) бір ізділігі мен өзара әрекетін сипаттау

1 кесте. ҚФБ әрекетін сипаттау

Негізгі процестің әрекеті (жұмыстың барысы, ағыны)

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның бас маманы

Әрекеттің атауы (процесс, үрдіс, операция) және оны сипаттау

Құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және уәкілетті органның қарауына жіберу

Ұсынылған құжаттармен танысу, қарар белгілеу және жұмыс үшін құжаттарды бас маманға жіберу

Жолдама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Кіріс нөмірін беру

Қарар

Жолдама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап

Орындау мерзімдері

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

10 минуттан аспайды

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Жолдамаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналға тіркейді және жолдама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызметті алушыға береді

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарға қол қою

Нәтижесін беру

Орындау мерзімдері

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5


2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның бас маманы

1 әрекет.
Құжаттарды журналға тіркейді, кіріс нөмірін береді және уәкілетті органның қарауына жібереді

2 әрекет.
Қараудан кейін қарар белгілейді және құжаттарды орындау үшін бас маманға жібереді

3 әрекет.
Құжаттарды қарауды іске асырады және жолдама ресімдейді және қол қою үшін уәкілетті органның басшысына жібереді

5 әрекет.
Мемелкеттік қызмет көрсету нәтижесін журналға тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға жолдама береді

4 әрекет.
Жолдамаға қол қояды, уәкілетті органның жауапты маманына жібереді


3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның бас маманы

1 әрекет.
Құжаттарды журналға тіркейді, кіріс нөмірін береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

2 әрекет.
Қараудан кейін қарар белгілейді және орындау үшін құжаттарды бас маманға жібереді

3 әрекет.
Бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және қол қою үшін уәкілетті органның басшысына жолдайды

5 әрекет.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналға тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға бас тарту туралы дәлелді жауап береді

4 әркет.
Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жібереді


«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
мемлекеттік регламентіне 2-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің логикалық бір ізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 311
қаулысымен бекітілді

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (әрі қарай - регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – бұл уәкілетті органның жауапты тұлғасы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе оның кіші жүйесі (әрі қарай – ҚФБ);
      2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғалар - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар.
      3) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Целинная көшесі, 13а, электрондық пошта мекенжайы akzhar-social@sko.kz, телефон 8-715-46-2-14-49 мекенжайында орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (әрі қарай - уәкілетті орган) мемлекеттік мекемесімен ұсынылады.
      Уәкілетті орган болмағанда мемлекеттік қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметті Уәкілетті орган болмағанда мемлекеттік қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметті алуға ауылдық(селолық) округтың әкіміне жүгінеді (әрі қарай – селолық округтің әкімі).
      3.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы, «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысы, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін беріледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-azh.sko.kz интернет-ресурста, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стендінде, ресми ақпарат көзінде орналасқан.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі алушының (отбасының) ағымдағы тоқсандағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру (әрі қарай – анықтама) немесе қағаз тасымалдаушы түрінде мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      8. Уәкілетті орган мен селолық округ әкімінің жұмыс кестесі:
      «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген мерекелік және демалыс күндерінен басқа уақытта күнсайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      9. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті оранның немесе селолық округ әкімінің ғимаратында көрсетіледі. Онда отыратын орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілер үлгісімен стендтер бар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мемлекеттік қызмет алуына қызмет көрсету үшін жағдайлар жасалған.
      Уәкілетті орган мен селолық округ әкімінің бөлмесі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттың қауіпсіздік, соның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді, бөлме режимі – еркін.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      10. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға (әрі қарай – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 12-тармақта белгіленген қажетті құжаттарды ұсыну күнінен – 15 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі алушының жүгінген күніндегі күтетін ең ұзақ шекті уақыты мемлекеттік қызметті бір алушыға қызмет көрсетуге 15 минут есебі бойынша кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) мемлекеттік қызметті алушының жүгінген күні орында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсететін ең ұзақ шекті уақыты - 15 минуттан аспайды.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне келесі құжаттарды ұсынады:
      Жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан азаматы – жеке куәліктің (төлқұжаттың) көшірмесі), шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар - Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұрақты тұруға рұқсат қағаз және ішкі істер органында тіркелгені туралы белгісімен азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігін ұсынады).
      Құжаттар салыстыру үшін көшірмеде және түпнұсқада немесе нотариалды куәландырылған көшірмеде ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      13. Осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес өтініш нысаны күту залындағы, немесе құжаттарды қабылдайтын қызметкердегі арнайы үлдірікте орналастырылады. Селолық округтің әкімінде өтініш нысаны құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі мен өтініштің толтырылған нысаны уәкілетті органның жауапты тұлғасына немесе тұрғылықты жері бойынша селолық округтің әкіміне тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стендісінде ілінген.
      15. Жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушыға (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын мемлекеттік қызмет алушыға анықтама беріледі.
      16. Осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысанда анықтама беру мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға (селолық округтің әкіміне) өзі келгенінде іске асырылады.
      17. Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтердің болмағанында мемлекеттік қызмет алушыға (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беруден бас тартылады.
      Мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтату үшін негіздер жоқ.
      18. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш қабылдау күнінен мемлекеттік қызмет нәтижесін беру күніне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
      Уәкілетті органда, селолық округтің әкімінде:
      1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне өтініш береді;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы немесе ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты жауапты маманы осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген өтініш пен қажетті құжаттарды қабылдайды,өтінішке тіркеу жүргізеді және басшыға немесе селолық округтің әкіміне қарауға тапсырады;
      3) уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі құжаттарды қарайды, қарар белгілейді және жұмысты әрі қарай ұйымдастыру үшін құжаттарды уәкілетті органның бас маманына немесе әкім аппаратының бас маманына жібереді;
      4) уәкілетті органның бас маманына немесе селолық округтің бас маманы анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және уәкілетті органның басшысына немесе селолық округтің әкіміне қол қоюға жібереді;
      5) уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және жауапты маманға жібереді;
      6) уәкілетті органның жауапты маманы немесе селолық округтің жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналға тіркейді және алушыға анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функцияналдық бірліктер қатысады (әрі қарай – ҚФБ):
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) селолық округтің әкімі;
      3) уәкілетті органның жауапты маманы;
      4) ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты маманы;
      5) уәкілетті органның бас маманы;
      6) ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының бас маманы;
      20. Әрбір әкімшілік әрекетті орындау мерзімі көрсетіліп әрбір ҚФБ-мен әкімшілік әрекеттің (үдерістің) өзара әрекеті мен бір ізділіктің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
      21. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бір ізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) осы регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органның басшысы, селолық округтің әкімі, уәкілетті органның жауапты лауазымды тұлғалары (әрі қарай – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы қабылдаған шешім мен әрекетке (әрекетсіздікке), Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған тәртіптегі белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің жүзеге асырылуына жауапты болады.
      23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы болады.
      Мемлекеттік қызметті алушы шағыммен жүгінген тұтынушыға осы шағымға жауап алған күні мен уақыты, шағымның қаралу барысын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтері көрсетілген талон беріледі.

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің
(отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша

Уәкілетті органға (кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкіміне)
__________________________________________
(облыс, аудан, елді мекен)
__________________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________ мекенжайда тұратын
(аудан, елді мекен)
__________________________________________
(көше, үй және пәтердің №, телефон)
құжат, жеке куәлік № _____________________
__________________________________________
____________________________ берілген күні

Өтініш

      Сізден маған 20___ жылғы ____ тоқсанда мен шын мәнінде мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатындығым туралы анықтама
беруді сұраймын.
      Анықтама талап еткен орынға қажет.

20___ жылғы «____» __________
_____________________________
(өтініш берушінің қолы)

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің
(отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша

АНЫҚТАМА

      _________________________________________ ______________ тіркеу
нөмірдегі 20___ жылғы ____ тоқсанда шын мәнінде мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алушысы болып табылғандығы туралы берілді.
      Отбасының мына мүшелеріне:
      1. ____________________________________________________________
      2. ____________________________________________________________
      3. ____________________________________________________________
      4. ____________________________________________________________
      5. ____________________________________________________________
      Анықтама талап еткен орынға көрсету үшін берілді.

      Уәкілетті органның бастығы
      (кент, ауыл (село), ауылдық
      (селолық) округтың әкімі) __________________________

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы
әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне 3-қосымша

      Әкімшілік әрекеттердің (үдерістердің) бір ізділігі мен өзара әрекетін сипаттау

1 кесте. ҚФБ әрекетін сипаттау

Негізгі процестің әрекеті (жұмыстың барысы, ағыны)

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі

Уәкілетті органның бас маманы немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының бас маманы

Әрекеттің атауы (процесс, үрдіс, операция) және оны сипаттау

Құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және уәкілетті орган басшысының немесе селолық округ әкімінің қарауына жіберу

Ұсынылған құжаттармен танысу, қарар белгілеу және құжаттарды жұмыс үшін бас маманға жіберу

Анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкіміне қол қою үшін жолдау

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Тіркеу, кіріс нөмірін беру

Қарар

Анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап

Орындау мерзімдері

3 минуттан аспайды

2 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4


Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі

Уәкілетті органның жауапты маманы немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты маманы

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты маманына жолдау

Анықтама немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты тіркеу

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарға қол қою

Тіркеу, шығыс нөмірін беру

Орындау мерзімдері

2 минуттан аспайды

3 минуттан аспайды

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

Уәкілетті органның жауапты маманы немесе ауылдық (селолық) округі әкімі аппаратының жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі

Уәкілетті органның бас маманы немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының бас маманы

1 әрекет.
Өтінішті журналға тіркеуді, кіріс нөмірін береді және уәкілетті орган басшысына немесе селолық округ әкімінің қарауына жібереді

2 әрекет.
Қараудан кейін қарар белгілейді және құжаттарды орындауға уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының бас маманы жібереді

3 әрекет.
Құжаттарды қарауды іске асырады, анықтама дайындайды және қол қою үшін уәкілетті органның басшысына немесе селолық округтің әкіміне жібереді

5 әрекет.
Мемелкеттік қызмет көрсету нәтижесін журналға тіркейді және алушыға анықтама береді

4 әрекет.
Анықтамаға қол қояды және уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округі әкімі аппаратының жауапты маманына жібереді


3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

Уәкілетті органның жауапты маманы немесе ауылдық (селолық) округі әкімі аппаратының жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі

Уәкілетті органның бас маманы немесе селолық округ әкімі аппаратының бас маманы

1 әрекет.
Өтінішті журналға тіркейді, өтінішке кіріс нөмірін береді және уәкілетті орган басшысының немесе селолық округ әкімінің қарауына жібереді

2 әрекет.
Қараудан кейін қарар белгілейді және құжаттарды орындауға уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының бас маманына жібереді

3 әрекет.
Бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және уәкілетті органның басшысына немесе селолық округтің әкіміне қол қоюға жібереді

5 әрекет.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналға тіркейді және алушыға бас тарту туралы дәлелді жауап береді

4 әркет.
Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты маманына жібереді


«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы
әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне 4-қосымша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады