Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 24.05.2013 N 178 қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1059 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесімен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгiнің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 277 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2012 жылғы 14 қыркүйекте № 1850 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 13 қазандағы «Ақжар-хабар» № 40 және 2012 жылғы 13 қазандағы «Дала Дидары» № 40 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының әкiмi А. Тастеміров