Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы N 7-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 желтоқсанда N 2036 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы N 35-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 21.05.2015 N 35-11 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің Ережесі" 3,4-тармақтарына және "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі" 3-тармағына сәйкес, Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ш. Сәбитова
      Ақжар аудандық
мәслихаттың хатшысы
М. Жұмабаев
      КЕЛІСІЛГЕН: 2012 жылғы 6 желтоқсандағы
"Ақжар аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
С. Мұқалықова
      "Ақжар аудандық
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Р. Жүнісова

  Ақжар аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 7-2 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі 1. Жалпы Ереже

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтайды.

2. Тұрғын үй көмегі

      2. Тұрғын үй көмегі Ақжар ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсынылып, төленеді:
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерiнің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтердi тұтынуға және байланыс саласындағы тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдарымен жалданған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға төлем;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі;
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, ауданының жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Ақжар ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      4. Көпқабатты секторда тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерге төлеуге және байланыс саласындағы телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне, ай сайынғы және мақсатты жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін күрделі жөндеуге, ұстауға, бюджеттік қаражаттар есебінен кондоминиумсыз жалпы мүлігін күрделі жөндеуге жабдықтаушының шотына ұсынылу бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш

      5. Аз қамтылған азаматтар (ары қарай – өтініш беруші) өз атынан немесе отбасының атына "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (одан әрі – Бөлім) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтініш береді.
      6. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
      1) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2)тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үй (тұрғын ғимаратын) күтіп ұстауға ай сайынғы жарналардың мөлшерлері туралы шоттары;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме түрінде және түпнұсқа түрінде ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылып беріледі.

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау Бөліммен баспана көмегін көрсетуге жергілікті бюджетпен қарастырылған сома шегінде іске асырылады.
      8. Бөлім қоса берілген құжаттармен бірге өтініш қабылдайды, оны он бес күн ішінде қарастырады және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      9. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындауға арналған құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының жиырма бесіне дейін қабылданады. Тұрғын үй көмегін алушылардың қайталанған өтініші бастапқы рәсімдеу үрдісімен іске асырылады.
      10. Тұрғын үй көмегі жайластырылған секторда тұратын тұлғаларға ақшасыз нысанда ұсынылады және өтініштер бойынша тұрғын үй–жайларды (пәтерлердің) меншік иесіне немесе жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) есептелген сомамен салыстыру бойынша тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге төлемді азайту ретінде ұсынушылардың шоттарына аударылады.
      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша нәтиже болып есептеледі, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізуші түрінде дәлелді жауап.
      12. Бөлім тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасын көрсете отырып меншік иелерінің немесе тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) тізілімдерін қалыптастырады және қызметті ұсынушылардың есепшоттарына аударуды жүргізеді. Телефонға абоненттік төлемнің тарифтерінің өсуіне өтемақы қызмет ұсынушының немесе арызданушылардың жеке шоттарына аударылады.
      13. Телефон үшін абоненттік өтемақы жеке өтініші негізінде коммуналдық қызметтерді өтеу үшін аударылуы мүмкін.
      14. Тұрғын көмегін алушы он күн мерзімінде тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі немесе оны алмау құқығына ие болу үшін негіз болуы мүмкін жағдайлар туралы ақпараттандыруға міндетті.

5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау

      15. Отбасына (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшері Бөліммен осы мақсаттарға отбасы шығындарының жол берілген деңгейі шегінде және өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үй–жайды (пәтерді) күтіп ұстауға коммуналдық қызметтерді тұтынуға меншік иесінің немесе жалға алушының (екінші жалға алушының) нақты төлемі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі.
      16. Коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифтері мен нормалары қызметтерді жеткізуші ұсынады.
      Үйін ұстауға төлем және коммуналдық қызметтерді тұтыну тағайындалған нормадан артық жалпы нормада жүргізіледі.
      17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 ақпанда № 7412 тіркелген. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасының" негізінде тұрғын үй көмегін алу үшін жеке тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын анықтайды.
      18.Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге нақты есептелген төлем сомасынан аспауы тиіс.
      19. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлемнің рұқсат етілген шығындары шегіндегі үлестің өзгеруі кезінде коммуналдық қызметтер тарифтер мен нақты шығындар, отбасының құрамы мен шығындары, тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері қайта есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады