Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 24.05.2013 N 178 қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 8-бабының 3-тармағына, 9-1-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақжар ауданының әкiмдiгiнің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 14 қыркүйекте № 1867 тіркелген, 2012 жылғы 1 желтоқсандағы «Ақжар-хабар» № 48 және «Дала Дидары» № 48 газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» 1-тармағының 1) тармақшасы шығарылсын. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінің күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының әкiмi А. Тастеміров
КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиев