"2012 жылы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі N 244 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 шілдеде N 13-6-194 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 2013 жылғы 10 қаңтардағы N 02.04.06-11/29 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 10.01.2013 N 02.04.06-11/29 хаты)

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 жылы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 133 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 7 мамырында № 13-6-192 болып тіркелді, 2012 жылдың 11 мамырындағы № 21 (316) «Есіл таңы», 2012 жылдың 11 мамырындағы № 21 (8600) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының преамбуласы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңының 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Қағидасының 12-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Р.Жүсіповке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       Е.Нұрақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады