Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2013 жылы көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 13/67 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қаңтарда N 2090 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы N 7.2.1-22/45 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 25.02.2014 N 7.2.1-22/45 хаты)

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы                            Ю. Метринский

      Есіл ауданы мәслихатының
      хатшысы                                    Т. Мұқашев

      Келісілді: 2012 жылғы 20 желтоқсан

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М. Әбдірахманов

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Стороженко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады