Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 20.03.2018 № 20/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 7-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл ауданы аумағында қызмет ететін барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
кезектен тыс III сессиясының | |
төрайымы | Г. Оспанова |
Аудандық мәслихат | |
Хатшысы | Б. Мұсабаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Жамбыл ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
бастығының м.а.
Р. Мапенова
Жамбыл аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3 шешiмiне қосымша |
Жамбыл ауданының тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары
№ | Салық салу объектісінің атауы | Салық салу объектісінің бірлігіне ставкалардың 1 айлық мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерінде) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютері | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |