"2012 жылы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 565 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы N 47 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 ақпанда N 13-8-161 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 4 ақпандағы N 02.07-05-03/127 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 N 02.07-05-03/127 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 3137-баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-тармағына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 жылы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қызылжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 565 қаулысына (2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 13-8-158 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 13 қаңтарда «Маяк» газетінің № 2 (5344), 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Қызылжар» газетінің № 2 (444) жарық көрген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының 5 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «5. Қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс анықталсын:
      Өтінілген жұмыс орын қажеттілігі санында - 404 адам;
      Бекітілген жұмыс орын қажеттілігі санында - 404 адам.»
      осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулы қосымшасының 4 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Е. Рамазановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар
      ауданының әкімі                            В. Редин

Қосымша
аудан әкімдігінің
2012 жылғы 2 ақпандағы № 47
қаулысымен бекітілді

Қосымша
аудан әкімдігінің
2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 565
қаулысымен бекітілді

2012 жылға арналған қаржыландыру көзі және қоғамдық жұмыс көлемдері, түрлері, ұйымдар тізбесі


р/
с

Ұйымдардың атауы

Төленетін
қоғамдық
жұмыс
түрлері

Жұмыс көлемі

адам
саны

қоғам
дық жұ
мыстар
дың
ұзақты
ғы (ай
лар)

Қаржылан
дыру көз
дері

4

"Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1. Селолық елді мекен
дерді абат
тандыруға көмек көрсету

көшелер мен аумақтарды қоқыстардан тазалау - 933630 ш.м., аумақты қардан тазалау - 13975 ш.м., орындықтарды сырлау - 30 дана, бағандарды сырлау - 40 дана, ағаштарды кесу - 1390 дана, бүркекті тазалау-10 ш.м., гүл егілетін жерді қазу - 2140 ш.м., гүлдердің арам шөбін жұлу - 2900 ш.м., жол бойындағы шөптерді шабу- 10400 м., дуалдарды жөндеу - 45 м.

16

12

Аудандық бюджет



2. Шаруа
шылық кі
табындағы жазбаларды нақтылау үшін үй басы аралап шығу

5672 ауланы - үй басы аралап шығу

24

12

Аудандық бюджет



3. Жұмыс
пен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасы
ларға мем
лекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсету

Істерді қалыптастыру - 572 іс

6

12

Аудандық бюджет



4. Тұрғы
лықты тұ
ратын мекен-жайы бойынша халықты тіркеуге және құжаттауға көмек көрсету

3000 іс (құжаттарды қабылдау, картатекамен жұмыс)

4

12

Аудандық бюджет



5. Қоғам
дық авто
бустарда бақылаушы ретінде көмек көрсету

10000 (билеттерді сату)

2

12

Аудандық бюджет



6. Қоқыс тастайтын жерлерді абаттандыруға қатысу

қоқыс тастайтын жерлерді абаттандыру - 3630 ш.м.

2

12

Аудандық бюджет



7. Құжат
тарды сақ
тауға дай
ындауға және өңдеуге көмек көрсету

5950 іс (келетін құжаттарды сұрыптау, тігу және жапсыру)

8

12

Аудандық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады