Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 11.01.2013 N 02-06\05-07/25 хаты)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі орнатылсын:
1) колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
2) 21 (жиырма бір) жастан 29 (жиырма тоғыз) жасқа дейінгі жастар;
3) 50 (елу) жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
4) он екі ай және одан да артық жұмыс істемеген тұлғалар;
5) Семей ядролық полигонда жүргізілген сынақтардың нәтижесінде зардап шеккен тұлғалар, Чернобыль атомдық электр станциясын жоюға қатысқандар;
6) мамандығы жоқ тұлғалар, жұмыс іздеушілер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Т.Есдәулетовке жүктелсін.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі В. Бубенко