"Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 маусымдағы N 4-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 тамыздағы N 5-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 тамызда N 13-9-165 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 9 қаңтардағы N 01-15/5 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 09.01.2013 N 01-15/5 хаты)

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 маусымдағы № 4-3 шешіміне (2012 жылғы 19 маусымдағы № 13-9-158 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 29 маусымдағы № 26 «Вести», «Мағжан жұлдызы» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      нұсқалған шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «Аудан әкімімен айтылған қажеттілікті есепке ала отырып, Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринарлық пункттердің ветеринарлық мамандарына ұсынылсын:
      1) өтініш берген кезеңіне жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) өтініш берген кезеңіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметік қолдау.»
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Ж. Темірғалиева                            Т. Әбілмәжінов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданының
      ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Смағұлов Р.Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады