Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы әкімінің 01.04.2013 N 02-06\05-07/241 хаты)
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16–бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақырту учаскесіне 2013 жылғы қаңтар–наурыз аралығында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәландыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары А.Д.Қабдөшевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Бубенко
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.М. Кеженев
2012 жылғы 29 қараша