Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 02.05.2013 N 7 шешімімен
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 27 маусымындағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2013 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Е.В. Худяковқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қасенов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Н. Константинов
2012 жылғы 10 желтоқсан