Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 10/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 2072 болып тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы N 483 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 26.06.2014 N 483 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      X сессия төрағасы                          хатшысы
      А. Барамидзе                               C. Мұстафин

      КЕЛІСІЛГЕН 2012 жылға 18 желтоқсан

      «Тимирязев ауданының ауыл
      шаруашылық және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д. Нурахметов
      2012 жылға 18 желтоқсан

      «Тимирязев ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Кожахметова
      2012 жылға 18 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады