"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. "Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын адамдардың жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
3. «2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы» Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 47 (2009 жылы 20 сәуірде № 13-13-100 нормативтік құқықтық актілер мемлекетік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылы 27 сәуірде аудандық «Шұғыла» газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембинге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі С.Тұралинов
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 26 қаңтардағы
№ 32 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
3. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп).